Page 337 - indexf
P. 337

кунд үлесінен жарты сағатқа дейін болатын жоғары жиілікті
биологиялық ырғақтар деп аталатын топқа мысал ретінде ми,
жүрек, бұлшық ет, басқа мүшелер мен ұлпалардың биоэлектрлік
белсенділігінің тербелісін келтіруге болады. Оларды арнайы аппара-
тура (ЭЭГ, ЭМГ, ЭКГ, т.б.) көмегімен тіркей отырып, осы органдар
қызметінің физиологиялық механизмі туралы құнды ақпарат алуға
болады және ауруларды анықтауда (диагностикада) қолданады. Осы
топқа тыныс алу ырғағын да жатқызуға болады.

    20-28 сағат кезеңді биологиялық ырғақтарды циркадты немесе
тәуліктік ырғақтар деп те атайды. Мысалы, тәулік барысында дене
температурасы, пульс жиілігі, артериялық қан қысымы, жұмысқа
қабілеттілік, т.б. кезеңдік өзгерістер.

    Төмен жиілікті биологиялық ырғақтар тобына: аптаға жуық,
айға жуық, маусымдық, жылға жуық, көп жылдық ырғақтар жата-
ды. Осылардың әрқайсысының негізінде қандай да бір функциялық
көрсеткіштің нақты тіркелген тербелісі жатады. Мысалы, аптаға
жуық биологиялық ырғаққа зәрмен бөлінетін кейбір физиологиялық
белсенді заттардың деңгейі, айға жуыққа – әйелдердің етеккір циклі,
маусымдық биологиялық ырғаққа – ұйқы ұзақтығының, бұлшық ет
күшінің, сырқаттанудың, т.б. өзгерістері сәйкес келеді.

    Көптеген ішкі ырғақтардың басқарушысы рөлін атқаратын адам
организміндегі ең маңыздыларының бірі – циркадты биологиялық
ырғақ барынша зерттелген. Циркадты ырғақтар түрлі жағымсыз
факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді және осы ырғақты жоятын
жүйенің жұмысының бұзылуы организмдегі сырқаттың алғашқы
симптомдарының бірі болып табылады. Адам организмінде 300-
ден аса физиологиялық қызметтердің циркадалық тербелістері
анықталған. Барлық бұл үдерістер уақытпен келісілген. Тәулік
барысындағы ОЖЖ әртүрлі күйі көп жағдайда организмнің басқа
физиологиялық жүйелерінің түрлі белсенділігін анықтайды. Ересек
адамда қан айналу, тыныс алу көрсеткіштері, дене температурасы
және т.б. қызметтері түнгі сағат 2-4-ке дейін минималды болады.
Физиологиялық үдерістер оптималды активті болып, күндізгі сағат
1-2-ге дейін сақталады. Көптеген тәулікке жуық үдерістер күндізгі
сағат 4 пен 8 аралығында максималды және түнде немесе ерте таңғы
сағаттарда минималды мәндерге жетеді. Мысалы, адамның дене тем-
пературасы түнде ең төменгі температураны көрсетеді. Таңға жуық
ол жоғарылайды және күннің екінші жартысында максималдық
мәнге жетеді.

                                      337

⇐ МАЗМҰНЫ
   332   333   334   335   336   337   338   339   340   341   342