Page 340 - indexf
P. 340

ұшып баратын спортшы жақсы дайындалу қажет. Қазір үйреншікті
биоырғақтарды сақтауға бағытталған тұтас шаралар жүйесі бар.
Адамның биологиялық сағаттары үшін тек тәуліктік емес және
де төмен жиілікті (мысалы, апталық) ырғақтарда дұрыс жол табу
маңызды.

62-сурет. Тәулік барысындағы жұмысқа қабілеттілік ырғағының қисық
                       сызығы (В. М. Смирнов бойынша)

    Қазіргі кезде апталық ырғақтың жасанды өндірілгені анықталған:
адамда туа пайда болған жеті күндік ырғақтардың болуы туралы
нақты мәліметтер жоқ. Бұл эволюция барысында қалыптасқан әдет
екені күмәнсіз. Жеті күндік апта тіпті, ежелгі Вавилонда ырғақ пен
тынығудың негізі болған. Мыңдаған жылдар барысында апталық
әлеуметтік ырғақ қалыптасқан, яғни адам аптаның ортасында оның
басына немесе соңына қарағанда өнімді еңбек етеді.

    Адамның биологиялық сағаттары тек тәуліктік табиғи ырғақтар-
ды ғана емес және ұзақтығы көп болатын маусымдық ырғақтарды да
бейнелейді. Ол көктемде зат алмасудың жоғарылауымен және күзде,
қыста оның төмендеуімен, қандағы гемоглобин концентрациясы-
ның артуымен және көктемгі, жазғы уақыттарда тыныс орталығы
қозғыштығының өзгерістерімен көрінеді. Жазғы және қысқы
уақыттардағы организм күйі қандай бір дәрежеде оның күндізгі және
түнгі күйіне сәйкес келеді. Мәселен, қыста жазбен салыстырғанда
қандағы қант мөлшері төмендейді (балама құбылыс түнде де жүреді),
АТФ және холестерин мөлшері артады.

           340

⇐ МАЗМҰНЫ
   335   336   337   338   339   340   341   342   343   344   345