Page 343 - indexf
P. 343

бөлмеде ұйықтаса, сонда акклиматизация тезірек өтеді. Жаңа уақыт
белдеуіне келгенде жаттықтыру үдерісіне бірқалыпты, баяу ену ке-
рек (қалыпты дене жүктемелері жарыс өткізілетін сағаттарда орын-
далу керек). Жаттығулар «соққылық сипатта» болмау керек.

    Тұрақты мекен орнына қайта оралғанда реадаптация адаптацияға
қарағанда неғұрлым қысқа кезеңде өтеді. Адаптациялық
үдерістерге қорғаныс әрекетінің ерекшелігі айтарлықтай ықпал
етеді. Жылдамдықты-күштік спорт түрлері мен спорт ойында-
ры өкілдерінде адаптациялық реакциялар көбірек көрінеді, бірақ
төзімділіктің көрінуін қажет ететін спорт түрлері өкілдеріне
қарағанда тезірек өтеді.

    Организмнің тіршілік әрекетінің табиғи ырғағы тек ішкі
факторларға ғана емес сыртқы жағдайлармен де байланысты екенін
атап өткен жөн. Зерттеулер нәтижесінде, жаттықтыру барысында
жүктеме өзгерісінің толқындық сипаты анықталған. Жаттықтыру
үдерісіндегі жүктемелер өзгерісінің толқын тәріздес сипаты
адамның ішкі биологиялық ырғақтарымен байланысты. Жаттықтыру
«толқынының» 3 категориясы бар: «аз» 3-7 күнді (немесе одан біраз
көбірек) қамтиды, «орташа» – көбіне 4-6 апта (апталық жаттықтыру
үдерістері) және «үлкен» – бірнеше айға созылады.

    Жаңа климаттық белдеу жағдайында спортшылардың арнайы
жұмыс қабілеттілігі динамикасы бірізді фазалар ауысымынан
тұрады: (ұшудан кейін 2-5 тәуліктерде) 0,7-5,5%-ға төмендеуі, (6-10
тәуліктерде) толық емес қалпына келуі және келесіде оны бастапқы
деңгейден 1-3,5%-ға артуы (63 А-сурет).

    ОМП есептеп анықтау алыс жерлерді уақытша мекендеудің 2-3
тәулігінде бұл көрсеткіштің 1,5 мл/кг-мин. төмендейтінін, одан соң
бейімделудің 7-13 күндері 2,9 мл/кг-мин-қа (бастапқы деңгейге
салыстырмалы) артатынын және адаптацияның 18-20 күндері
қалпына келетінін көрсетеді. Осыған сәйкес қалпына келу кезеңіне
3 мин. дейін пульстік сома және жұмысқа қабілеттілік өзгереді (63
Ә-сурет). Аталмыш құбылыс (феномен) тіршілік әрекетінің күрделі
жағдайларында организмнің функциялық резервінің мобильденуі
нәтижесін көрсетеді. Бұл мобильдену механизмдерінің бірі
симпатикалық жүйке жүйесі адаптациялық-трофикалық қызметінің
күшеюі болып табылады.

           343

⇐ МАЗМҰНЫ
   338   339   340   341   342   343   344   345   346   347   348