Page 341 - indexf
P. 341

Биоырғақ және жұмысқа қабілеттілік

    Жұмысқа қабілеттілік ырғақтары физиологиялық үдерістер
ырғақтары іспеттес өзінің табиғаты бойынша эндогендік бо-
лып келеді. Дене температурасы, алмасу реакциялары, ұйқы
және сергектік сияқты физиологиялық үдерістер тәуліктік
ырғақтары жеткілікті тұрақты келеді. Дене жұмыс қабілеттілігі
ырғағы тәуліктің түрлі кезеңінде айқын емес және жарыс немесе
төтенше күш сала орындалатын жаттығу жүктемелері ықпалынан
айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістердің ырғағы көбіне, өмір
салтының стереотиптілігіне сәйкес келеді. Жұмыс қабілеттілік
күндізгі сағаттарда жоғары, таңғы және түнгі уақытта төмен бола-
тыны белгілі. Мұнда жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттығулар
(жеңіл атлетикалық секіру, лақтыру, т.б.) көрсеткіштері барын-
ша өзгерістерге (7-10%-ға дейін) душар келеді. Айтарлықтай емес
өзгерістер төзімділік жаттығулары нәтижелерінде байқалады. Ресми
жарыстарда спортшылардың жоғары нәтижелерді көрсетуі көпшілік
жағдайларда ерте кешкілік сағаттарда орын алады.

    Жұмысқа қабілеттілік жеке немесе бірлесе әсер ететін көптеген
факторларға байланысты. Бұл факторларға мотивация деңгейі,
ас қабылдау, сыртқы орта факторлары, физикалық дайындық,
денсаулық күйі, жас, т.б. жатады. Жұмысқа қабілеттілік динамикасы-
на дегенмен, қалай ықпал ететіні толық түсініксіз болғанмен, қажу
(таңдаулы спортшыларды – созылмалы қажу) да әсер етуі мүмкін.
Жаттығуды (жаттықтыру жүктемелерін) орындау кезінде туындаған
қажуға жеткілікті мотивацияланған спортшының өзінің мойынсын-
бауы қиынға соғады. Қажу жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді,
ал қайталап жаттығу (біріншіден кейін 2-4 сағат интервалдан соң)
спортшының функциялық күйін жақсартады.

    Биологиялық ырғақтарды қалпына келтіру қарқынды дене
жүктемелерін орындауға мүмкіндік береді, ал бұзылған биологиялық
ырғақтар кезіндегі жаттықтыру түрлі функциялық бұзылуларға, кей-
де сырқаттануға да әкеледі.

    Климаттық белдеу жағдайының ауысымы. Шығыстан
батысқа немесе керісінше, бағытта орын ауыстырғанда (ұшқанда)
бірнеше сағат белдеуін қиып өткеннен кейін жаңа белдеу уақытымен
психофизиологиялық қызметтердің тәуліктік ырғақтарының
келісімсіздігі орын алады. Мұнда оларда ұшып келгеннен кейінгі

           341

⇐ МАЗМҰНЫ
   336   337   338   339   340   341   342   343   344   345   346