Page 345 - indexf
P. 345

Х тарау
                      Жүзу физиологиясы

    Жүзу спорт түрі ретінде жастар үшін де әрі кемел мен егде жаста-
ғы адамдар үшін дене дамуы, төзімділікке жаттығу мен шынығуы
үшін таптырмас құрал. Сулы орта жағдайындағы спорттық әрекеттер
(жүзу) кәдімгі ауа орта жағдайында орындалатын дене жұмысынан
өзгеше бірқатар физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл
ерекшеліктер судағы қозғалыстармен, дененің горизонталды орна-
ласуымен және судың үлкен жылу сыйымдылығымен байланысты
механикалық факторлармен анықталады.

                          Механикалық факторлар

    Жүзу кезіндегі жылдамдық пен энергиялық шығын үш негізгі
механикалық факторларға:

    1) дене салмағына қарсы әсер ететін немесе оның өлшеміне кері
– батырушы күшке көтеруші (жүзбе, қалқымалы) күш өлшеміне;

    2) суда дененің жылжуына тіке кедергіге;
    3) жүзгіштің тиімді алға жылжуға (пропульсивті) күш салуы
нәтижесінде туындайтын қозғаушы күшке байланысты.
    Көтеруші (немесе оған кері – батырушы) күш. Архимед
заңына сәйкес суға түскен денеге осы денемен ығыстырылған су
көлемі салмағына тең көтеруші (итеріп шығарушы) күш әсер етеді.
    Бұл күштің өлшемі біріншіден, түрлі дене ұлпаларының, ең ал-
дымен, бұлшық ет пен май ұлпаларының салмағына (көлеміне)
және сол адамның денесіндегі олардың қатынасына; екіншіден,
суға дененің ену дәрежесіне, нақтырақ айтқанда, судың үстіңгі
және астыңғы бетіндегі дене бөлімінің салмағына (көлеміне) және
үшіншіден, өкпедегі ауа көлеміне байланысты. Архимед заңы бо-
йынша гипогравитация судағы адам денесі массасының 1-1,5 кг
аспауға әкеледі, яғни судағы дене салмағы біраз ғана килограмды
құрайтын мұндай жағдайларда тыныштық күйдегі түрлі мүшелер
мен жүйелердің қызметі олардың салмақсыздық жағдайындағыдай
болады. Бұған жүзу кезіндегі дененің горизонталды қалпы да әсер
етіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді, бұлшық еттердің босаңсуы мен
буындардың қызметін жақсартады.

                                      345

⇐ МАЗМҰНЫ
   340   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350