Page 346 - indexf
P. 346

Денесінде май мөлшері көп адамдарда батырушы күш (судағы де-
не салмағы) 0-ге тең, сондықтан олар су бетінде қандай да бір қосымша
күш салусыз ұстап тұрылуға қабілетті. Неғұрлым әйелдерде май
ұлпалары көлемі салыстырмалы көбірек болғандықтан ер адамдарға
қарағанда олардың судағы денелерінің қалпы көбіне, соғұрлым
жоғары болады. Жүзгіштер арасында денелері көбірек горизонтал-
ды көріністе болатын (су бетіне жуық) жоғары қалқымалылыққа
(жүзбелілікке) ұзақ қашықтыққа жүзгіштер-стайерлер ие. Себебі
оларда қысқа қашықтыққа жүзгіштер-спринтерлерге қарағанда май
қоры көбірек және дененің салыстырмалы салмағы неғұрлым төмен
(сәйкесінше 1,0729 және 1,0786).

    Дене суда оңай ұстап тұрылғанда дененің кейбір бөліктері
су үстінде болады және өкпенің тек біраз бөлігі ауамен толады.
Сондықтан денеге батырушы күш әсер етеді. Оған қарама-қарсы
бағытталған күш арқылы бұлшық ет белсенділігі қарсы тұра алуы
керек. Бұл белсенділіктің дәрежесі туралы толық тыныштық күйдегі
деңгейден жоғары оттегі пайдалану мөлшері бойынша бағалауға
болады. Неғұрлым батырушы күш көп болған сайын су бетінде
денені ұстап тұру үшін соғұрлым бұлшық ет жұмысы күштірек
және соғұрлым оттегі пайдалану жоғарырақ болу керек (64-су-
рет). Әйелдерде бұл күш шамамен, 1,6-4,7 кг, ерлерде 4,9-5,8 кг
аралығында болады.

64-сурет. Су бетінде денені ұстап тұру кезіндегі О2 пайдалану мен
    батырушы күш арасындағы байланыс (Я. М. Коц бойынша)

           346

⇐ МАЗМҰНЫ
   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350   351