Page 347 - indexf
P. 347

Тіке кедергі. Жүзу кезінде негізгі бұлшық ет жұмысы суда денені
ұстап тұруға емес, тіке кедергі деп аталатын дене қозғалысына кедергі
күшті жеңуге жұмсалады. Оның өлшемі судың тұтқырлығына,
дененің өлшемі мен пішініне және ең бастысы – оның алға жыл-
жу жылдамдығына байланысты. Дене беткейі үлкен адамдар дене
беткейі кіші адамдарға қарағанда айтарлықтай көбірек су кедергісін
сезінеді. Сәйкесінше, ер адамдарда әйелдерге қарағанда тіке кедергі
орта есеппен жоғары болады. Бірақ дене беткейі өлшемін ескеру
кезінде бұл айырмашылық әйелдер мен ерлер арасында маңызды
болмайды. Тіке кедергі өлшеміне түрлі жүзу әдісіндегі судағы дене
қалпы мен жүзу циклінің түрлі фазалары ықпал етеді.

    Суда жоғары жылдамдықпен алға жылжу кезінде тіке кедергіден
асып түсу (оны жеңу) жүзгіш үшін дене жүктемесінің негізгі
компонентін құрайды. Егер сүйреу жолымен адамның денесін суда
тартса, онда тіке кедергі бұл пассивті алға жылжытуға шамамен,
сүйреу жылдамдығының шаршысына пропорциялы өседі. Бас, кеуде
және аяқ-қол қозғалыстары арқылы салдарынан тіке кедергі кролль
әдісімен жүзу кезінде 1,5 есеге, брасс әдісімен жүзуде 2 есеге көп
болады.

    Қозғаушы немесе пропульсивті күш. Бұл күш жүзгіштің
белсенді бұлшық ет әрекеті нәтижесінде туындайды және жүзу
қозғалысы кезінде туындайтын тіке кедергі мен көтеруші күш
екеуінің әсерінің жиынтығы болып табылады. Ол жүзгіштің дене
қозғалысының бағыты мен жылдамдығын анықтайды. Пропульсивті
күшті тура өлшеу мүмкін емес, оны спортшыда өлшегіш құрал
арқылы анықтайды.

    Өлшегіш құрал арқылы анықталған барынша қозғаушы күш
брасс әдісімен жүзу кезінде 22 кг жуық тіркелген. Басқа әдістер
арқылы жүзу кезінде бұл күш шамамен, бірдей – максималды 13-
14 кг болады. Брасс әдісімен жүзуде барынша үлесті аяқ жұмысы,
ал кролль әдісімен жүзуде қол жұмыстары атқарады. Баттерфляй
әдісімен жүзу кезінде аяқ, қолдың қозғаушы күші шамамен, бірдей.

    Жүзу жылдамдығы. 100 м жүзу кезінде (бассейн ортасында)
максималды орташа таза арақашықтық жылдамдық кролль әдісімен
жүзуде 1,9 м/с, дельфинде – 1,8 м/с, шалқалап жүзуде – 1,7 м/с,
брасс әдісімен жүзуде – 1,5 м/с болады. Сонымен, неғұрлым жоғары
жылдамдық кролль әдісімен жүзуде, ал аз жылдамдық – брасс
әдісімен жүзу кезінде тән.

           347

⇐ МАЗМҰНЫ
   342   343   344   345   346   347   348   349   350   351   352