Page 348 - indexf
P. 348

Жүзу энергетикасы

    Жүзу кезіндегі энергия шығыны шамамен, осындай ұқсас
өлшемдегі балықтарға қарағанда 30 есе және сондай жылдамдықпен
жүгіруге қарағанда 5-10 есе көп. Өте төмен жылдамдықпен жүзу
кезіндегі адамдардағы энергиялық шығынның айтарлықтай
айырмашылықтары олардағы батырушы күштің (қалқымалылықтың)
әртүрлі болуымен түсіндіріледі. Бірдей жылдамдықпен жүзу кезінде
әйелдер ер адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды. Бұл ең ал-
дымен әйелдерде қалқымалылықтың жоғары болуымен байланысты.

    Еркін жүзу кезінде жүзу жылдамдығы артқан сайын оттегі пай-
далану экспоненциалды (шамамен, жылдамдық шаршысына про-
порциялы), ал брасс және дельфин әдісімен жүзу кезінде тек үлкен
жылдамдықтарда біраз баяулап сызықтық артады. Энергиялық шы-
ғын (О2 пайдалану) мен түрлі әдіспен жүзу жылдамдығы арасындағы
мұндай тәуелділік сипаты ең алдымен, механикалық тиімділік пен
тіке кедергі өзгерістерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Брасс
және дельфин әдістерімен жүзу кезіндегі энергиялық шығын еркін
жүзу кезіне қарағанда екі есеге көбірек болады.

    100 м арақашықтықта (50-60 с) шамамен, энергияның 80%-ы
анаэробтық жолмен (максималдыға жуық анаэробтық қуаттылық)
қамтамасыз етіледі. Арақашықтық артқан сайын энергия өндірілудің
аэробтық компоненті жоғарылайды: 400 м арақашықтықта ол жалпы
энергия өндірілуден 50% асады. 800 және 1500 м арақашықтықтарда
оттектік жүйенің қуаттылығы мен сыйымдылығы өте маңызды рөл
атқарады.

    Қандағы сүт қышқылы мөлшері жылдам артуынан басталатын
(анаэробтық лактацидемиялық табалдырық) жылдамдық ОМП-
дың шамамен, 80%-на сәйкес келеді. Жаттыққан жүзгіштер О2
пайдаланудың салыстырмалы жоғары деңгейінде (ОМП-дың 60-
70%) қандағы лактат мөлшерінің жоғарылауынсыз жұмыс істеуге
қабілетті болады. Жүзудің максималды жылдамдығы кезінде
анаэробтық гликолиз энергияның 50-60%-ын қамтамасыз етеді.
Жоғары білікті спортшыларда қандағы лактаттың максималды кон-
центрациясы 18 моль/л-ге жетеді.

    Жүзудің тиімділігі (эффектілігі). Жұмыс тиімділігі пайдалы
жұмыстың оны орындауға жұмсалған энергияға пайыздық қатысы
ретінде анықталады. Жүзу тиімділігі аса төмен. Тіпті, жоғары

           348

⇐ МАЗМҰНЫ
   343   344   345   346   347   348   349   350   351   352   353