Page 349 - indexf
P. 349

білікті жүзгіштерде ол 4-7% құрайды (Салыстыру үшін: жүру,
жүгіру, велоэргометрдегі жұмыс сияқты жер үсті жұмыстарында
механикалық тиімділік 20-30%. Бірақ тиімділік «құрғақтағы» қол
эргометрімен жұмыс кезінде де – шамамен, 10% төмен екенін атап
өту керек). Жоғары тиімділік кролль әдісімен жүзу кезінде – 6-7%
(максимум 15% дейін), ал төмен тиімділік брасс әдісімен жүзу
кезінде (4-6%) байқалады.

    Жүзудің (бірдей әдіспен) бірдей жылдамдығы кезінде жаттыққан
жүзгіш жаттықпаған адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды
(65-сурет).

    65-сурет. Брасс әдісімен әртүрлі жылдамдықпен жүзудің энергиялық
                           құндылығы (Я. М. Коц бойынша)

    Жүзу тиімділігі жаттықпаған адамдарда жоғары білікті
жүзгіштерге қарағанда 8 есе төмен болуы мүмкін. Жүзуде
механикалық тиімділіктің жеке-дара өзгерістері жер беті спорт
түрлеріне (жүгіруге, жүруге, велоэргометрде жұмыстарға) қарағанда
айтарлықтай жоғары болады.

    О2 пайдаланудағы үлкен айырмашылықтардың тек жаттықпа-
ған мен жаттыққан адамдар арасында ғана емес, тіпті, жоғары
дәрежеде жаттыққан жүзгіштер арасында болуы ең алдымен, жүзу
техникасының күрделілігін көрсетеді. Осымен қатар бұрын аталып

                                      349

⇐ МАЗМҰНЫ
   344   345   346   347   348   349   350   351   352   353   354