Page 350 - indexf
P. 350

өткендей (тіке кедергіні анықтайтын) дененің өлшемі мен пішінінің,
судағы дене қалпының, қозғаушы күшті түзетін «ескектердің»
өлшемі мен қозғалмалылығының маңызы зор.

    Жүзу жылдамдығының оптималдыға дейін артуымен белгілі бір
шекте тиімділік өседі. Жылдамдықтың әрі қарай артуы кезінде ол
кемиді. Оптималды жылдамдық жүзгіштің техникасына және жүзу
әдісіне байланысты. Салыстырмалы аз жылдамдық диапазонын-
да (0,4-1,2 м/с) сол адам үшін энергиялық құндылық 1 км (кролль
әдісімен) жүзуде тұрақты, яғни жүзу жылдамдығына байланысты
емес. Техникасы нашар жүзгіштер кез келген жылдамдық кезінде
арақашықтық бірлігінде көп энергия жұмсайды.

    Ұлдар мен қыз балалардың салыстырмалы салмағы бойынша
жыныстық жетілу кезеңіне дейін елеулі айырмашылықтар болмай-
ды. Сәйкесінше, дене өлшемдерін ескере арақашықтық бірлігіне
жүзудің энергиялық құндылығы (0,7 м/с жылдамдықпен) олар-
да бірдей болады. Шамамен, 15 жастан бастап бұл көрсеткіш
айтарлықтай қыздарда төмендейді және ұлдарда жоғарылайды. Өте
ұзын арақашықтықтарда әйелдерде тіке кедергі мен механикалық
тиімділік арасындағы оптималды қатынас олардағы салыстыр-
малы төмен ОМП-ды өтейді. Бұл өте ұзын арақашықтарға жүзуде
ер адамдарға қарағанда әйелдердің белгілі бір артықшылығын
көрсетеді. 1 км арақашықтықта жүзудің энергиялық құндылығы
жаттықпаған әйелдерде 250-300 ккал, жаттықпаған ер адамдарда –
400-500 ккал, спортшы әйелдерде – 75-150 ккал, спортшы ер адам-
дарда – 150-200 ккал құрайды.

Оттегіні максималды пайдалану (ОМП)

    Жүзуге жаттықпаған адамдарда жүзу кезінде ОМП жер үсті
жағдайларына (мысалы, тредбанда жүгіру кезіне) қарағанда орта
есеппен, 15-20% төмен. Неғұрлым жүзгіштің жаттығу дәрежесі
жоғары болған сайын соғұрлым оның «жүзгіш» ОМП (жүзу кезінде
анықталатын) абсолютті («жер үсті») мөлшеріне жуық болады.
Жоғары дәрежеде жаттыққан жүзгіштерде байқалған «жүзгіш» ОМП
тредбанда «тауға» жүгіру кезінде анықталған абсолютті мөлшерден
орта есеппен шамамен, тек 6-8% төмен және шамамен, велоэрго-
метрде жұмыс кезіндегі ОМП тең болады. Айтулы жүзгіштерде жүзу

           350

⇐ МАЗМҰНЫ
   345   346   347   348   349   350   351   352   353   354   355