Page 351 - indexf
P. 351

кезіндегі ОМП жүгіру кезіндегідей немесе тіпті, одан біраз жоғары
да болады.

    Бұл мәліметтер судағы дененің горизонталды қалпы (жер үсті
жағдайындағы жұмыс кезіндегі кәдімгі вертикалды қалыптан
айырмашылығы), аз бұлшық ет массасының активациясы және қол
мен иық белдеуі бұлшық еттерінің басым жұмыстары (жер үсті локо-
моциялары кезінде аяқ және кеуде бұлшық ет жұмыстарының басым
болуынан айырмашылығы) сияқты жүзудің бірегей ерекшеліктері-
мен байланысты жүзу жаттығуының жоғары ерекшелігі
(спецификалығы) туралы көрсетеді.

    Сәйкесінше, жер үсті жағдайында өлшенген ОМП-ды жүзгіштің
аэробтық жұмысқа қабілеттілігін бағалау үшін қолдануға болмайды,
ал оның максималды аэробтық қуаттылықты арттыруға бағытталған
жаттықтырулары негізінен жүзу болу керек.

    Түрлі әдістермен жүзуде ОМП-ға жету әртүрлі жылдамдық
кезінде болады: басқа әдістерге қарағанда брасс әдісімен жүзуде – аз
жылдамдықпен жетеді. Бірдей әдістермен жүзу кезінде аз жаттыққан
спортшылар көбірек жаттыққан жүзгіштерге қарағанда өздерінің
ОМП деңгейіне неғұрлым төмен жылдамдықта жетеді.

    Айтулы жүзгіштер, әсіресе, стайерлер (ұзақ қашықтыққа
жүзгіштер) жоғары ОМП ерекшеленеді: жүзу кезінде орта есеп-
пен 5,2 л/мин. (4-6 л/мин) және тредбанда жүгіру кезінде 5,4 л/мин.
(4,7-6,4 л/мин), яғни айырмашылық орта есеппен, 5,6% құрайды.
Сәйкес көрсеткіштер әйелдерде – 3,4 л/мин. (2,9-3,7 л/мин) және 3,6
л/мин. (3,4-4 л/мин) болады. Салыстырмалы «жүгіру» ОМП (дене
салмағының 1 кг-на) ерлерде орта есеппен 68,6 мл/кг-мин. (62,5-
76,4), әйелдерде – 55,3 мл/кг-мин. (47,8-61,2), яғни төзімділіктің
көрінуін қажет ететін спорттың «жердегі» түрлері өкілдеріне
қарағанда төмен болады.

    Жүзгіштердің көбіне стайер-жүгірушілерге қарағанда салмағы
көбірек. Сондықтан оларда салыстырмалы ОМП жақсы стайерлер-
ге қарағанда азырақ келеді. Жүзу кезінде дене салмағы өте аз бо-
лады және «жер үсті» локомоцияларынан айырмашылығы жүктеме
факторы ретінде ешқандай рөл атқармайды. Жүзу кезіндегі энергия
шығыны жүгіру кезіндегі сияқты дене салмағына пропорциялы емес.
Сондықтан жүзгіштердің максималды аэробтық мүмкіндіктерін
абсолютті ОМП (л/мин) бойынша бағалаған дұрыс.

           351

⇐ МАЗМҰНЫ
   346   347   348   349   350   351   352   353   354   355   356