Page 352 - indexf
P. 352

Оттегі тасымалдау жүйесі

    Жүзу кезіндегі физиологиялық ерекшеліктердің көпшілігі
организмнің суда болу реакциясымен (су иммерсиясы), дененің го-
ризонталды қалпымен, денеге қоршаған ортаның қысымы, қолдың
басым жұмыстарымен негізделген.

    Сыртқы тыныс. Жүзгіштерге жоғары өкпенің тіршілік
сыйымдылығы (ӨТС) тән: жоғары класс ер жүзгіштерде –
5-6,5 л, әйелдерде – 4-4,5 л. Жүзумен айналыспайтын сол жас пен
жыныстағы адамдарға қарағанда орта есеппен 10-20% жоғары.
Жүзгіштердің тыныс бұлшық ет күші мен өкпенің сыйымдылығы да
кәдімгі мөлшерден 8-15% көп.

    Ауа ортасында тыныс алудан ерекшелігі суда тыныс алу көлемі
тыныс алудың қосымша көлемін (ТАҚК) пайдалану есебінен артады.
Тыныс шығарудың қосымша көлемі (ТШҚК) 1 л-ге дейін (ауа ортасы
жағдайында 2,5 л-ге дейін) азаяды. Тыныс алу деңгейі функциялық
қалдық сыйымдылықты азайта қалдық көлем жағына жылжытыла-
ды. Нәтижесінде суда тыныс алу кезінде альвеолалық ауа құрамы әр
тыныс циклі кезінде өте елеулі өзгереді. Максималды аэробтық жүзу
кезіндегі (ОМП деңгейінде О2 пайдалану) альвеолалық вентиляция
құрғақтағы максималды аэробтық жұмыс кезіне қарағанда жоғары.

    Тыныштық күйде және белсенді жүзуде су иммерсиясы кезінде
тыныс жолдарындағы ауа ағымының кедергісі 50%-дан аса артады
және тыныс бұлшық ет белсенділігінің жоғарылауын талап етеді.
Кролль әдісімен жүзу кезінде тыныс алатын ауаның әр литріне
оттегінің қосымша мөлшері 1,3-2,8 мл-ге жетеді.

    Жүзу кезінде тыныс алу жүзу (есу) циклдерімен синхрондала-
ды: тыныс алу фазасы ұзақтығы азаяды, ал тыныс шығару ұзарады
және көбіне, су астында (брасс әдісімен және шалқалап жүзуді
қоспағанда), яғни ауа ортасына қарағанда көп кедергіге қарсы
(қосымша шамамен, 50-100 мм сынап бағанасы) жүргізіледі.

    Оттегіні субмаксималды пайдаланумен жүретін жүзу кезінде
өкпе вентиляциясы, тыныс коэффиценті, О2 пайдалануымен байла-
нысты артериялық қанның оттегімен қанығу пайызы мен парциалдық
кернеуі шамамен, тредбанда жүгіру немесе велоэргометрде жұмыс
кезіндегі сияқты болады.

    Максималды аэробтық жүзу кезінде О2 вентиляциялық
эквиваленті баламалы (аналогты) жер үсті жұмысы кезіне қарағанда

           352

⇐ МАЗМҰНЫ
   347   348   349   350   351   352   353   354   355   356   357