Page 353 - indexf
P. 353

төмен болады. Мұндай салыстырмалы гиповентиляцияның себеп-
тері тыныс экскурсиясын қиындататын кеуде қуысына судың
қысымы, тыныс алудың жүзу ырғағына (есу қозғалысының жиілігіне)
тәуелділігі сияқты ерекше механикалық жағдайлар болып табылады.
О2 пайдаланудың бірдей деңгейі кезінде өкпе вентиляциясы кролль
әдісімен жүзуде жүгіруге немесе шалқалап жүзуге қарағанда көбіне
30%-ға азырақ келеді. Максималды аэробтық жүзу кезінде де өкпе
вентиляциясының орташа мөлшері максималды аэробтық жүгіруге
(«жердегі» ОМП деңгейіне) қарағанда төмен. Жүзу кезінде жүгіруге
қарағанда тыныс жиілігі сирек мәнге ие.

    Салыстырмалы гиповентиляцияға қарамастан жүзу кезінде
артериялық қандағы парциалдық кернеу мен О2 мөлшері шама-
мен, жер үсті бұлшық ет әрекеттері кезіндегідей. Бірақ максимал-
ды аэробтық жүзу кезінде максималды аэробтық жүгіруге қарағанда
альвеолалық-артериялық О2-градиент төмен болғанмен, артериялық
қанның оттегімен қанығуы 91%-ға жуық, яғни сондай мөлшерде бо-
лады.

    Сонымен, өкпе вентиляциясы тіпті, максималды аэробтық жүзу
кезінде жүгіру кезіндегідей артериялық қанды оттегімен сондай
дәрежеде қанықтыру үшін жеткілікті. Сәйкесінше, сыртқы тыныс
алу құрғақтағы сияқты ОМП шектемейді. Жүзу кезіндегі жер үсті
локомоциясына қарағанда неғұрлым ОМП аз болуы салыстырмалы
төмен вентиляциямен байланысты емес.

    Жүрек-тамыр жүйесі. Жүзу кезінде жүректің минуттық қан
көлемі О2 пайдаланудың өсуімен (жүзу жылдамдығы) сызықтық
түрде артады және бірдей О2 субмаксималды пайдалану кезінде ол
шамамен, жүгіру немесе велоэргометрде жұмыс кезіндегі сияқты
болады.

    Жаттыққан жүзгіштерде жүзу кезіндегі максималды жүректің
минуттық қан көлемі жүгіру кезіндегімен бірдей, ал жаттықпаған
жүзгіштерде 25%-ға төмен болуы мүмкін.

    Жүректің жиырылу жиілігі жүзу кезінде О2 пайдаланудың ар-
туымен (жүзу жылдамдығымен) сызықтық түрде өсіп отырады. Ол
көбіне, сондай О2 пайдалану деңгейімен велоэргометрде жұмыс не-
месе жүгіру кезіндегі мөлшерге қарағанда біраз төмен. Мұны ЖЖЖ
жүктеме көрсеткіші ретінде қолданылған кезде ескеру қажет. Су
температурасының төмендеуі ЖЖЖ-н азайтады, ол систолалық
көлемнің артуымен өтеледі.

           353

⇐ МАЗМҰНЫ
   348   349   350   351   352   353   354   355   356   357   358