Page 354 - indexf
P. 354

Жүзу кезінде максималды ЖЖЖ-де жүгіру кезіне қарағанда орта
есеппен 10-15 екп/мин. аз. Ер адамдарда ол жүгіру кезінде 200 екп/
мин. жуық, ал жүзгенде – 185 екп/мин. жуық, әйелдерде сәйкесінше,
200 және 190 екп/мин. жуық болады.

    Құрғақтағы жұмыс кезіндегі сияқты бірдей салыстырмалы
аэробтық жүктеменің әсер етуімен (ОМП %-ға тең) жүзу кезінде
ЖЖЖ жаттыққан және жаттықпаған жүзгіштерде орта есеппен
бірдей болады.

    Систолалық көлем тыныштық күйден жеңіл жұмысқа көшкенде
жоғарылайды және әрі қарай жұмыстың қуаттылығының өсуімен (О2
пайдалану жылдамдығымен) артып отырады. Салыстырмалы көп
емес аэробтық жүктемелер кезінде ол белгілі бір деңгейге жетеді,
содан соң тіпті, максималдыға дейін жүктеменің артқанына (жүзу
жылдамдығына) қарамастан өзгеріссіз қалады немесе тек біраз ғана
артады.

    Дененің горизонталды қалпы веналық қайтарылудың күшеюіне
және сәйкесінше диастола кезінде жүрекке қанның көп тол-
тырылуына қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан бірдей О2
пайдаланудың субмаксималды деңгейі кезінде систолалық көлем
жүзгенде велоэргометрдегі жұмысқа қарағанда жоғары болады. Бұл
сәйкесінше жүзу кезінде ЖЖЖ төмендеуіне әкеледі.

    Жүзуде максималды аэробтық жүктеме кезінде сол адам үшін
ең үлкен систолалық көлемге жетеді. Ол жаттыққан жүзгіштерде
жүгіру кезіндегі сияқты болса, ал жаттықпаған адамдарда жүгіруге
қарағанда төмен мәнге ие. Төзімділіктің көрінуін қажет ететін басқа
спорт түрлері өкілдеріндегі сияқты жүзгіштерде систолалық көлем
айтарлықтай шамада жүрек қуысының көлемімен (дилятациямен)
анықталады.

    О2 пайдаланудың субмаксималды деңгейі кезінде жүйелік
АВА-О2 жүзуде де, жүгіруде де бірдей, ал максималды аэробтық
жүзу кезінде максималды аэробтық жүгірумен салыстырғанда
(сәйкесінше, 15 және 16% жуық) біраз төменірек келеді.

    Артериялық қандағы О2 мөлшері жүзу және жүгіру кезінде
шамамен, бірдей болады. Қаннан жұмыс атқарушы бұлшық ет-
тер арқылы оттегінің максималды экстракциясы да бірдей: сан
венасының қандағы О2 минимальді мөлшері екі жағдайда да 2%-ға
жуық. Осылайша максималды жүйелік АВА-О2-дағы айырмашылық
жүзу кезінде дененің «белсенді емес» мүшелері мен ұлпаларының

           354

⇐ МАЗМҰНЫ
   349   350   351   352   353   354   355   356   357   358   359