Page 365 - indexf
P. 365

ды. Көлденең кесіндісі ауданы 1 см2 келетін иықтың бүгуші бұлшық
еттерінің МЕК ерлер мен әйелдерден шамамен, бірдей болып келеді.
Бұл әйелдер мен ерлердегі бірдей мөлшердегі, яғни жуандықтары
шамалас бұлшық еттің күштік қабілеттерінің бірдей болатындығына
тағы бір дәлел болып табылады.

    Бұлшық еттердегі жылдам және баяу талшықтардың пайыздық
қатынасы бірдей спорт түрлерімен айналысатын ер мен әйел
спортшылардағы сияқты жаттықпаған әйелдер мен ер адамдар-
да ұқсас болады. Әйелдерде барлық бұлшық ет талшықтарының
жуандығы орта есеппен ерлерге қарағанда жіңішкерек келеді.

    Секіруде және спринтерлік (қысқа қашықтыққа) жүгірудегі
нәтижелер, әсіресе, жылдам қозғалыстарда көрініс беретін бұлшық
ет күшімен белгілі бір дәрежеде тәуелділікте болады. Әйелдер
бұл жаттығулар бойынша ер адамдардан біршама артта қалады.
Дене массасының майсыз салмағына қатысты изометриялық және
динамикалық (изокинетикалық) күш аз жылдамдықты қозғалыстарда
әйелдер мен ер адамдарда шамалас болғанмен, жылдамдығы жоғары
қозғалыстарда көрінетін динамикалық күш ер адамдарға қарағанда
әйелдерде нақты азырақ болады. Егер секірудегі нәтижені дене
салмағына шақсақ, онда әйелдер бұл көрсеткіштер бойынша ер
адамдардан еш қалыс қалмайды. Мәселен, биіктікке рекордтық
секіру кезінде ерлер мен әйелдерде – 3,2 см/кг болса, ал ұзындыққа
рекордтық секіруде ер адамдарда 12,5 см/кг, әйелдерде 12,3 см/кг
көрсетеді. 100 метрге жүгіруде спортшылардың дене салмағына
шақсақ, рекордшы-ер адамдарда орташа жылдамдық 8,4 м/мин/кг,
ал рекордшы-әйелдерде 9,5 м/мин/кг болады. Сайып келгенде, егер
спортшылардың жүгіру жылдамдығын олардың дене салмағына
шаққанда тіпті, әйелдер ер адамдардан біршама «озып» та кетеді.

    Бұлшық ет күшінің жаттықтырылу дәрежесі, яғни
бағытталған күштік жаттығу ықпалынан бұлшық ет күшінің арту
қабілеті ер адамдарға қарағанда әйелдерде салыстырмалы төмен бо-
лады (69-сурет). Бұл айырмашылық 16-30 жас аралығында айрықша
көрінсе, жыныстық жетілу кезеңіне дейін (12-14 жасқа дейін)
және жыныстық инволюция (40 жастан кейін) кезеңдерінде аса
байқалмайды. Бұл бұлшық ет күшінің дамуында еркек жыныстық
гормондарының (андрогендердің) маңызды рөл атқаратынын жана-
ма көрсетеді.

           365

⇐ МАЗМҰНЫ
   360   361   362   363   364   365   366   367   368   369   370