Page 362 - indexf
P. 362

Сонымен, дене мөлшеріндегі айырмашылықтың өзі әйелдер
мен ерлер организмдерінің қандай да бір ерекше функциялық
ерекшелігімен байланыссыз жұмысқа қабілеттіліктерінің жыныстық
өзгешеліктерін анықтай алады.

    Белгілі қуаттылықты орындалатын жұмыс химиялық энергия-
мен (оттегімен) жұмыс атқаратын бұлшық еттердің эквивалентті
қамтылуымен қамтамасыз етілуі керек. Сәйкесінше, энергия шығыны
(О2 пайдалану жылдамдығы) жұмыс атқаратын бұлшық еттер мас-
сасымен және дене салмағымен байланысты болуы тиіс. Теориялық
алғышарттардан О2-ні максималды пайдалану L2 немесе М2/3 про-
порциялы деп күтуге болады. Атап айтқанда, дене мөлшеріндегі
(дене салмағы мен бұлшық ет массасындағы) айырмашылық ең ал-
дымен, әйелдермен салыстырғанда ер адамдардың ОМП неғұрлым
жоғары мәнге ие болуының себебін түсіндіреді. Көбіне әртүрлі
адамдардағы ОМП салыстыру үшін салыстырмалы көрсеткіш – дене
салмағына қатысты (мл/кг * мин) ОМП қолданылады. Алайда түрлі
дене салмақты адамдардағы ОМП салыстыруда ОМП мл/кг/2/3*мин-
пен көрсету неғұрлым дұрысырақ әрі нақтырақ болады.

    Жүректің қан айдауы (Q) (жүректің минуттық қан көлемі) уақыт
бірлігіндегі жүректің айдаған қан көлемімен анықталады. Тиісінше,
максималды жүректің қан айдауы L2 немесе М2/3 пропорциялы болуы
керек.

    Өкпелік желдену (вентиляция) (Vе) тыныс көлемінің тыныс
жиілігіне көбейтіндісі ретінде дене мөлшерінің сызықтық шаршы-
сына (L2) пропорциялы болып келеді.

    Түрлі жастағы әйелдер мен ерлердегі өкпелік көлем дене
мөлшеріне сәйкес келеді (L3 пропорциялы). Өкпелік мөлшердегі
айырмашылықтар негізінен дененің сызықтық мөлшерлеріндегі
жыныстық ерекшеліктермен анықталады.

    Әйелдер мен ерлер арасында дене құрамында айтарлықтай
айырмашылықтар орын алған. Ересек ер адамның бұлшық ет масса-
сы дене салмағының 40%-ын (орта есеппен, 30 кг-ға жуық) құраса,
ал әйелдерде 30%-ын (орта есеппен 18 кг) құрайды. Сонымен,
әйелдерде ерлерге қарағанда бұлшық ет массасы абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштер бойынша да неғұрлым азырақ болып
келеді.

    Әйел адамдарда май ұлпалары жалпы саны орта есеппен
дене салмағының 25%-ын, ал ерлерде 15%-ын құрайды. Майдың

           362

⇐ МАЗМҰНЫ
   357   358   359   360   361   362   363   364   365   366   367