Page 360 - indexf
P. 360

ХІ тарау
Әйелдердің спорттық шынығуының

         физиологиялық негіздері

    Өндіріс саласында, спортта және қоғамдық өмірде болсын әйел
адамның рөлі артып келеді, ал олардың денсаулығының нығаюымен
болашақ ұрпақтың дамуы байланысты. Сондықтан да әйелдердің
дене тәрбиесі мен спорттық жаттығуын жан-жақты ғылыми негіздеу
қажеттілігі туындайды. Дене жүктемесінің әсеріне физиологиялық
реакциялармен қатар организмнің қызметтік мүмкіндіктерін
анықтайтын механизмдер мен олардағы спорттық жаттығулар
ықпалынан орын алатын өзгерістердің ерлер мен әйел адамдарда аса
айырмашылықтары жоқ. Алайда, олардың арасындағы кейбір сан-
дық айырмашылықтар әлемдік спорттық рекордтарды саралағанда
көрініс береді. Мәселен, қашықтықтыққа жүгіруде рекордтық
нәтижелер әйел адамдарда ерлерге қарағанда 8-13%-ға төмен. Ал
жүзу бойынша әйелдердің көрсеткен рекордтары жүгіруге қарағанда
ер адамдардың көрсеткіштерімен шамалас, айырмашылығы тек
6-10% құрайды.

Организмнің қызметтік мүмкіндіктерінің дене мөлшеріне
                                тәуелділігі

    Жалпы биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ер адамдар-
мен салыстырғанда әйел адамдар сыртқы ортаның өзгерістеріне
(температураның ауысуына, аштық, қан жоғалту, кейбір ауруларға)
тез бейімделеді, олардың орташа өмір сүру ұзақтықтары да ба-
сым келеді. Әйелдер мен ер адамдар арасындағы физиологиялық
көрсеткіштерді салыстырғанда ең алдымен, дене мөлшері
арасындағы айырмашылықты ескерген жөн. Орта есеппен алғанда
әйелдердің бойы ер адамдарға қарағанда аласалау келеді. Тіпті, тек
осы айырмашылықтың өзінен басқа барлық бірдей жағдайларда
әйел адамдардың көптеген функциялық көрсеткіштері, соның
ішінде жұмысқа қабілеттіліктері ерлердің сол көрсеткіштерінен
ерекшеленеді.

           360

⇐ МАЗМҰНЫ
   355   356   357   358   359   360   361   362   363   364   365