Page 363 - indexf
P. 363

абсолюттік мөлшері де әйелдерде ер адамдарға қарағанда шамамен,
4-8 кг көбірек болады.

    Негізінен бұлшық еттер, сүйектер мен ішкі мүшелер құрайтын
дене массасының майсыз (дене массасынан май ұлпаларының масса-
сын алып тастағандағы) салмағы ер адамдарға қарағанда әйелдерде
15-20 кг азырақ болып келеді. Жаттықпаған әйелдерге қарағанда
спорпен шұғылданатын әйелдерде май мөлшері аз болады. Бұл
көрсеткіш тіпті, өте мықты спортшы әйелдердің өзінде, мәселен,
ұзақ қашықтыққа жүгіру шеберлерінде жаттықпаған ер адамдарға
тән деңгейге ғана жетуі мүмкін. Көптеген спорт түрлерінде дене
жүктемесінің негізгі бөлімі адам дене массасының орын ауыстыруы-
мен байланысты болып келеді. Сондықтан да денедегі артық май
ұлпаларының мөлшері организмге қосымша жүктеме тудырады.
Мысалы, жүгіргенде немесе секіргенде, бірақ жүзу кезінде қосымша
жүктеме тудырмайды (10-тарауда толығымен баяндалған).

    Май ұлпаларының құрамында судың болмауы себепті ерлер-
ге (дене салмағының 70%-ына жуық) қарағанда әйел адамдар
денесінде (дене салмағының 55%-ына жуық) су мөлшері төмен бо-
лады.

Әйелдердің күштік, жылдамдықты-күштік және анаэробтық
                                мүмкіндіктері

    Бұлшық ет күші

    Бұлшық еттің максималды ерік күші (МЕК) орта есеппен алғанда

қыздар мен ұлдарда жыныстық жетілу кезеңіне дейін шамалас болып

келеді де, ал 12-14 жастан кейін қыздарда азырақ болады (68-сурет).
    Бұл жекеленген бұлшық еттер күшімен қатар негізгі бұлшық

ет топтарының максималды күштік көрсеткіштерінің жиынтығы
ретінде анықталатын жалпы бұлшық еттік күшке де қатысты.

    Әйелдерде жалпы бұлшық еттік күш ер адамдардағы осы
көрсеткіштің шамамен, 2/3-сін құрайды. Дегенмен, әртүрлі бұлшық
ет топтарында айтарлықтай айырмашылықтар орын алған. Ер
адамдармен салыстырғанда әйелдерде қол, иық белдеуі және кеу-
де бұлшық еттері неғұрлым әлсіздеу болып келеді. Олардың МЕК
ерлердің осы бұлшық еттерінің МЕК-нің 40-70%-ын құрайды. Со-
нымен қатар дененің төменгі бөлігінің, соның ішінде аяқ бұлшық
еттерінің МЕК ер адамдарға қарағанда шамамен, тек 30% -ға төмен

           363

⇐ МАЗМҰНЫ
   358   359   360   361   362   363   364   365   366   367   368