Page 367 - indexf
P. 367

төмен сыйымдылығы соғұрлым төменірек анаэробтық жұмысқа
қабілеттілікпен анықталады.

    Әйел адамдар бұлшық еттеріндегі АТФ пен КФ концен-
трациялары шамамен, ер адамдармен (АТФ үшін бұлшық ет
салмағының 4 мм/кг жуық және КФ үшін бұлшық ет салмағының
16 мм/кг жуық) бірдей келеді. Бұлшық ет ұлпаларының көлемінің
аз болуы салдарынан бұлшық еттік фосфагендердің жалпы саны
ерлермен салыстырғанда әйелдерде төменірек. Әйелдердегі
фосфагендік жүйелер сыйымдылығының аз болуы жөнінде оттектік
қарыздылықтың жылдам (алактатты) фазасының мөлшері бойын-
ша бағамдауға болады. Тіптен есуге маманданған жоғары санаттағы
спортшы әйелдердің өзінде фосфагендік жүйелердің максимал-
ды сыйымдылығы (дене салмағына 100 кал/кг жуық) орта есеппен
сондай жаттықпаған жас ер адамдармен тең келеді. Жаттықпаған
жас әйелдерде ол айтарлықтай (дене салмағына 60 кал/кг жуық)
төмен. Спортшы әйелдер мен спортшы ер адамдар арасындағы
айырмашылық бұдан да жоғары. Егер фосфагендік жүйенің
сыйымдылығын дене массасының майсыз салмағына (бұлшық ет
массасының салмағына) шақсақ, онда әйелдер мен ерлер арасында
айырмашылық азырақ болады.

    Қысқа мерзімдік тест жұмыстары (максималды мүмкін болатын
жылдамдықпен баспалдаққа жүгіріп шығу) кезінде анықталатын
фосфагендік жүйелердің қуаттылығы жаттықпаған әйел адамдарда
орта есеппен 130 кгм/с жуық келеді. Ол жаттықпаған ер адамдарға
(160 кгм/с) қарағанда 20%-ға төмен. Дене салмағымен есептегенде
ол әртүрлі жас кезеңдеріндегі ерлер мен әйелдерде шамалас (70-су-
рет). Бұл егер мұны да дене салмағына шағып есептесе, спринтерлік
(қысқа қашықтыққа) жүгіру жылдамдығы бойынша ерлердің
әйелдерден басым болмайтындығы жөніндегі мәліметтермен сәйкес
келеді.

    Әйелдерде ер адамдарға (жаттықпағандарға да және жоғары
дәрежеде жаттыққандарға да) қарағанда максималды аэробты
жұмыстан кейін қандағы сүт қышқылы концентрациясы аз бола-
ды. Осы мәліметтер негізінде ерлерге қарағанда әйелдерде анаэ-
робты лактацидті жүйелер сыйымдылығы да төмен келеді деп
топшылауға болады. Айырмашылық оны дене салмағына шағып
анықтағанда да айқындалады. Мысалы, орта есеппен жаттықпаған
әйел адамдарда – 100 кал/кг жуық, ал жаттықпаған ер адамдар-

           367

⇐ МАЗМҰНЫ
   362   363   364   365   366   367   368   369   370   371   372