Page 361 - indexf
P. 361

Бойлары 160 см әйел мен 176 см болатын ер адамның барлық
қатарлық (сызықтық) мөлшерлерін дене ұзындығына пропорциялы
(L) деп жобалап, олардың функциялық мүмкіндіктеріне салысты-
ру жүргізетін болсақ, ер адам әйел адамнан 1,1 есеге (176:160) биік.
Бұл жағдайда барлық қатарлық мөлшерлер, яғни дененінің барлық
бөлімдері мен аяқ-қол ұзындықтары, рычаг ұзындығы (буынның ай-
налмалы осінен бұлшық ет бекіген жерге дейін қашықтық), қозғалыс
амплитудасы және т.б. әйелдерге қарағанда ер адамдарда 1,1 есеге
көбірек болып келеді.

    Беткейлік мөлшерлер қатарлық мөлшерлердің шаршысына (L2)
пропорциялы. Сондықтан аталмыш мысалда өкпенің альвеолалық
беткейі, дене беткейі, қолқаның, бұлшық еттің көлденең кесіндісінің
ауданы ер адамдарда әйелдерге қарағанда 1,21 есеге (1,12) көбірек
болып келеді.

    Көлемдік мөлшерлер қатарлық мөлщерлердің кубына (L3) про-
порциялы. Сәйкесінше, ерлерде қан шайналымдағы қан көлемі не-
месе жүрек көлемі, өкпе көлемі әйелдерге қарағанда 1,33 есе (1,13)
көбірек болуы тиіс.

    Дене массасы (салмағы) (М) да L3 пропорциялы, сондықтан
да басқа түрлі жағдайларда ер адамның салмағы әйел адамның
салмағына қарағанда 1,33 есе көп болуы қажет.

    Бұлшық еттерді дамытуға қабілетті максималды күш (Ғ) олардың
көлденең кесіндісінің ауданына, яғни L2 пропорциялы. Біздің мы-
салымызда ерлердегі бұлшық еттердің максималды жиырылу күші
әйел адамдарға қарағанда 1,21 есе көбірек.

    Механикалық жұмыс (W) бұлшық еттің күші (F) және осы күш
жұмсалынған қашықтықпен (дистанция) (S) анықталады: W=F*S.
Бұлшық ет күші (Ғ) L2 пропорциялы, ал қашықтық (S) L пропор-
циялы. Сәйкесінше жұмыс дене массасының (салмағының) неме-
се дененің сызықтық мөлшерінің кубына (L3) пропорциялы. Әйел
адамға қарағанда неғұрлым бойы биік болып келетін ер адам көп
жұмыс атқаруға қабілетті, біздің мысалымызда ол 1,33 есе артық
жұмыс орындай алады.

    Сыртқы орындалатын жүктеме қуаттылығы (N) дегеніміз
– жұмыс санының (W) уақыт бірлігіне (t) қатынасы: N = W/t.
Жүктеменің максималды мүмкін болатын қуаттылығы дененің
сызықтық мөлшерлерінің шаршысына (L2) немесе дене салмағының
2/3 дәрежесіне (М2/3) пропорциялы.

           361

⇐ МАЗМҰНЫ
   356   357   358   359   360   361   362   363   364   365   366