Page 368 - indexf
P. 368

да – 200 кал/кг жуық, ескекші-әйелдерде – 170 кал/кг жуық бол-
са, ал ескекші-ер адамдарда – 250 кал/кг-нан асады. Сәйкесінше,
лактацидті энергиялық жүйелер сыйымдылығы бойынша жыныстық
айырмашылық тек дене мөлшерінің (бұлшық ет массасы көлемінің)
айырмашылығына ғана тәуелді емес. Міне, осыған орай әйелдер
энергиямен қамтамасыз етілуі неғұрлым көп дәрежеде лактацидтік
(гликолиздік) энергиялық жүйелерге сүйенетін қашықтық жарыста-
рында ер адамдармен салыстырғанда соғұрлым төмен нәтижелер
көрсетеді. Бәлкім, осыдан болар басқа жаттығуларға қарағанда 400
және 800 м-ге жүгіруде, 100 м-ге жүзуде әйелдер нәтижелері ер
адамдардың нәтижелерінен салыстырмалы түрде көп артта қалады.

       70-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі әйелдер мен ер адамдардағы
           максималды анаэробтық қуаттылық (Я. М. Коц бойынша)

Әйелдердің аэробтық жұмысқа қабілеттіліктері (төзімділіктері)
    Оттегіні максималды пайдалану
    Ұлдар мен қыздарда дене мөлшері мен құрамы бойынша

ерекшеліктері минималды аз болатын жыныстық жетілу кезеңіне
дейін ОМП мәні шамалас деуге болады. Ол орта есеппен жас ер
адамдарда өздерімен құралпас әйел адамдарға қарағанда, 20-30%-ға
артық келеді. Қартаю барысында ОМП айырмашылығы ерлер мен
әйелдер арасында азая түседі.

                                      368

⇐ МАЗМҰНЫ
   363   364   365   366   367   368   369   370   371   372   373