Page 366 - indexf
P. 366

100Салыстырмалы бұлшық ет өсімі, макс %

                    80

                    60

                    40

                    20

                            8 10 12 14 16 18 20 22 24 26 28 30 35 40 45 50 55 60

                                                                   Жас, жылмен

      69-сурет. Ерлер мен әйелдердегі түрлі жас кезеңдеріндегі күштік
    жаттығудың бұлшық еттің максималды ерік күшінің өсуіне ықпалы

                                  (Я. М. Коц бойынша)

    Әйелдерде күштік жаттықтыру ер адамдармен салыстырғанда
май ұлпаларының азаюына зор, дене салмағы мен бұлшық ет
массасының артуына аз ықпал етеді. Тіпті, әйелдерде күштік
жаттықтыру нәтижесінде бұлшық ет күшінің артуы жоғары болған
жағдайлардың өзінде ер адамдарға қарағанда олардың бұлшық ет
массасының ұлғаюы салыстырмалы түрде аз болады. Бұл бәлкім,
бұлшық еттік гипертрофия дәрежесінің әйел адамдарға қарағанда
қалыпты жағдайда қандағы концентрациясы 10 есе жоғары бо-
лып келетін еркек жыныс гормондарымен айтарлықтай шамада
реттелуімен түсіндірілуі мүмкін.

            Әйелдердің анаэробтық энергиялық жүйелері

    Анаэробтық энергиялық жүйелерге фосфагендік (АТФ + КФ)
және лактацидтік (гликолиздік) жүйелер жататындығы белгілі.
Әйелдерде олардың сыйымдылығы ер адамдарға қарағанда төмендеу
болып келеді. Бұл ең алдымен, әйелдердегі бұлшық ет массасының
аз болуымен байланысты. Анаэробты энергия өндіру жүйесінің

                                      366

⇐ МАЗМҰНЫ
   361   362   363   364   365   366   367   368   369   370   371