Page 395 - indexf
P. 395

энергия шығыны дененің 1 м2 беткейіне 10 жастағыларда 49,5 ккал
болса, 16-18 жастағыларда 43 ккал тең болады.

    Дене жүктемелерін орындау кезіндегі энергия шығыны, соны-
мен қатар адамның жасына да тәуелді болып келеді. Бірдей дене
жүктемесін орындау кезінде ересектерге қарағанда жасөспірімдерде
энергиялық алмасу жоғары болады. Жас артқан сайын сол бұлшық
ет жүктемесіне энергия шығыны төмендей бастайды. Жүріс кезінде
шығындалатын энергияны зерттеу барысында 1 м жолға неғұрлым
балалар үлкен болған сайын, соғұрлым энергиялық шығындардың
аз болатыны дәлелденген. Велоэргометрде жүктемені орындау
кезінде 1 минутта 1 кгм жұмысқа 8-9 жастағы балалар 7,6 мл, ал ере-
сек тұлғалар – 5,4 мл оттегі жұмсаған, яғни балаларға қарағанда 1,4
есеге аз оттегі пайдаланған.

    Сайып келгенде, жас ұлғайған сайын бұлшық ет жұмысының
үнемділігі арта түседі (22-кесте). Мұны, сонымен қатар организмнің
дамуы барысында механикалық тиімділіктің өсуі де көрсетеді. Вело-
эргометрде жұмыс орындау кезінде ол ересектерде – 15-20% бол-
са, 6-9 жастағыларда 12,3%-ға тең болған. Спорттық жаттықтыру
ықпалынан жаттығулардың энергиялық құндылығы төмендейді. Жас
спортшыларда спортпен шұғылданбайтын құрдастарына қарағанда
оттегіні пайдалану аз дәрежеде артатыны байқалған.

                                                                            22-кесте
Дененің 1 кг массасына жұмсалатын тәуліктік энергия мөлшері

Жасы         Энергияның тәуліктік мөлшері,
                              кДж/кг

1-3 ай       462-504

3-6 ай       420-462

6-12 ай      378-420

2-6 жас      294-315

7-11 жас     252-294

11-15 жас    189-281

Ересек адам  147-168

    Балаларда, сонымен бірге қызу бұлшық ет әрекеті кезінде алма-
су артуының максималды деңгейі де азырақ келеді. Мәселен, 10-11
жаста оттегіні пайдалану негізгі алмасумен салыстырғанда макси-
малды 9-10 есеге артуы мүмкін болса, ал ол ересектерде 15-20 есе

                                      395

⇐ МАЗМҰНЫ
   390   391   392   393   394   395   396   397   398   399   400