Page 400 - indexf
P. 400

балаларда қызу бұлшық ет әрекеті кезінде жүректің минуттық қан
көлемі максималды 13-16 л/мин, 14-15 жастағы жасөспірімдерде
20-24 л/мин. дейін жетуі ықтимал. Сәйкесінше, 8-9 жаста тыныштық
күймен салыстырғанда жүректің қан айдауы 4 есеге, 14-15 жаста 5-6
есеге, ал ересектерде 6-7 есеге артады.

    Сонымен, жас артқан сайын жүректің потенциалдық
мүмкіндіктері жоғарылайды. Бала жүрегі адаптациясының
айтарлықтай ерекшелігі салыстырмалы жоғары емес систолалық
қан көлемінің жоғарылауы кезінде ЖЖЖ артуы есебінен жүректің
минуттық қан көлемінің өсуі болып табылады (Өткен тараулар-
дан біз жүректің минуттық қан көлемі систолалық қан көлемінің
(СҚК) жүректің жиырылу жиілігіне (ЖЖЖ) көбейтіндісі ретінде
анықталатынын білеміз: МҚК=СҚКхЖЖЖ).

    Балалардың қан айналым жүйесінің ерекшеліктері тыныштық
күйдегі сияқты бұлшық ет жұмысы кезінде де зат алмасумен тығыз
байланысты болып келеді. Неғұрлым жоғары қарқындылықты
энергиялық алмасу, салыстырмалы О2 (1 кг дене массасы-
на) көп пайдалану балалардың жүрегіне айтарлықтай салмақ
түсіреді. Сондықтан ересектерге қарағанда балалардың немесе
жасөспірімдердің жүрегі тыныштық күйдегі іспеттес бұлшық ет
әрекеті кезінде де біршама қызу жұмыс атқарады.

    Тамырлар жүйесі және артериялық қысым. Балалардың
дамуы барысында қан тамырларының саңылау диаметрі кеңиді.
Нәтижесінде қан айналымдағы қан көлемі артып, жұмысшы
мүшелердің оттегімен, ұлпалардың қанмен толық жабдықталуына
және ыдырау өнімдерінің жойылуына жағдай жасалады.

    Тамырлар саңылауларының кеңеюімен қатар жаңа қан тамыр-
лар түзіледі. Бұл әсіресе, дене шынықтыру мен спортпен белсенді
шұғылданатын балаларға тән. Жүйелі бұлшық ет әрекеті нәтижесін-
де жаңа тамырлар мен олардың бүйір (коллатералды) тамырларының
қалыптасуы перифериялық (шеткі) қанайналымның күшеюіне
әкеледі.

    Жас артқан сайын артериялық қан қысымының да жоғарылайты-
ны белгілі. Мәселен, тыныштық күйде систолалық қысым 11 жас-
та 95, 15 жаста 109 мм сынап бағанасы тең болса, минималды
артериялық қан қысымы 11-13 жаста 83, ал 15-16 жаста 88 мм сынап
бағанасы тең.

    Жасөспірімдер мен бозбалаларда 13-16 жаста кейде 130-140

           400

⇐ МАЗМҰНЫ
   395   396   397   398   399   400   401   402   403   404   405