Page 397 - indexf
P. 397

мөлшері төмендей отырып, 8-10 жасқа келгенде ересек адамның
деңгейіне жетеді. Лейкоцитарлық формулада да жасқа байла-
нысты айтарлықтай өзгерістер орын алады. Жас артқан сайын
нейтрофилдердің пайызы артып, ал моноциттер мен лимфоциттердің
мөлшері төмендей бастайды. Мектепке дейінгі жастағы балалар-
да қандағы нейтрофилдердің көп болмауы нәтижесінен қанның
фагоцитарлық қызметі төмен болып келеді.

    Бұлшық ет әрекеті қан жүйесіндегі айтарлықтай өзгерістермен
қатар жүреді. Жасөспірімдер мен бозбалаларда ересектерге қараған-
да бұлшық ет жұмысынан кейін қанның бірнеше көрсеткіштерінің,
лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер мөлшерінің, қан ұюы
жоғарылауы сияқты айтарлықтай өзгерістері мен олардың қалпына
келуінің неғұрлым ұзақ кезеңі тән. Сонымен қатар 12-14 жастағы
жасөспірімдерде қанның жекеленген көрсеткіштерінің әртүрлі
бағыттағы өзгерістері айғақталған. Бұл осы кезеңдегі организм
қызметінің нейрогуморалдық реттелуінің қайта құрылуымен байла-
нысты.

    Түрлі жас кезеңдерінде жүрек-тамыр жүйесі өзіңе тән
ерекшеліктерімен сипатталады. Ол ең бастысы онтогенездің
әртүрлі кезеңдеріндегі зат және энергия алмасудың арнайы өзіндік
өзгерістеріне негізделеді.

    Жүрек. Балалардың жүрек бұлшық еті үшін миокардтағы
тотығу үдерістерінің айтарлықтай күшеюімен анықталатын энергия
шығынының жоғары деңгейі тән. Бұл бұлшық еттердің оттегіні көп
пайдалануымен көрініс береді.

    Баланың өсу және даму үдерістері барысында жүректің массасы
ұлғайып отырады. Жүрек салмағы ұл балаларда 9-10 жаста 111,1 г
болса, ересек тұлғаларда 244,4 г, яғни ересектермен салыстырғанда
2 есеге аз болады. Осылармен қатар жүрек бөлімдерінің қатынасы
да өзгеріске ұшырайды және оның гистологиялық құрылымы
да қайта құрылады. Жүрек массасының ұлғаюы көбіне, сол жақ
қарынша есебінен жүзеге асырылады. Жүйелі түрде жаттықтыру
жүрек бұлшық еті массасының ұлғаюын тудырады. Мысалы,
жас жүзгіштерде, шаңғышыларда, велосипедшілерде, орташа
қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда басқа спортшыларға қарағанда
жүрек мөлшері көбірек ұлғаяды.

    Жүректің жиырылу жиілігі. Жас артқан сайын ЖЖЖ төмендеп
отырады: тыныштық күйде жаңа туған нәрестеде 135-140 екп/мин, 7
жаста – 85-90 екп/мин. болса, 14-15 жаста ересектердегі мөлшермен

шамалас болып келіп, 70-80 екп/мин-ты құрайды.

           397

⇐ МАЗМҰНЫ
   392   393   394   395   396   397   398   399   400   401   402