Page 399 - indexf
P. 399

жаттығулары санының артуы, демалыс интервалының азаюы) ере-
сек организмге қарағанда қымбатқа түседі. Мысалы, 9-11 жастағы
балаларда жүктемені 1 кгм арттыру кезінде жүректің соғуы жиілеп,
1 с-та 8,2-9,4 екп/мин. болса, 12-13 жастағыларда – 6,4-9,5 екп/мин,
ал ересектерде – 3,6-5,3 екп/мин. болады.

    Балаларда қызу дене жаттығулары кезінде максималды ЖЖЖ
олардың жасымен кері тәуелділікте болады, яғни бала кіші болған
сайын соғұрлым оның мәні жоғары. Мектеп жасында максимал-
ды ЖЖЖ анықтаудың қарапайым ережесі ретінде мына формула
қолданылады: ЖЖЖмакс = 220-жас (жылмен) (8-тарауда ЖЖЖмакс
анықтау қарастырылған болатын). Мысалы, 10 жастағы балалар-
да максималды ЖЖЖ орта есеппен 210 екп/мин. (220-10 (жас))
құрайды. Түйіндей келе, тыныштық күйдегі ЖЖЖ сияқты кез
келген жұмыс кезіндегі ЖЖЖ бірдей максималды емес аэробты
жүктемелерде және максималды ЖЖЖ ересектерге қарағанда бала-
ларда жоғары болады.

    Әртүрлі жастағы тұлғаларда дене жаттығуларын орындағаннан
кейін ЖЖЖ қалпына келуі жүктеменің мөлшеріне де тәуелді болып
келеді. Максималды қуаттылықты ұзақ емес жүктемелерден кейін
ЖЖЖ қалпына келуі ересектерге қарағанда 11-14 жастағы балалар-
да тезірек жүреді. Қызу және ұзақ уақыттық жаттығулардан кейін
ЖЖЖ қалпына келу кезеңі жас артқан сайын қысқара түседі. Бұл
жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауымен байланысты.

    Систолалық қан көлемі және жүректің қан айдау қызметі
(жүректің минуттық қан көлемі) жас ұлғайған сайын жоғарылайды.
Систолалық қан көлемі 7 жаста 23 мл, ал 13-16 жаста 50-60 мл бо-
лады. Оның артуы жүректің минуттық қан көлемінің жоғарылауына
әкеледі. Тыныштық күйде жүректің минуттық қан көлемі 6-9 жаста
2,6 л/мин, 10-12 жаста 3,2 л/мин, 13-16 жаста 3,8 л/мин-ге жетеді.
Дегенмен дене масасының 1 кг-на шаққанда басқадай сипатты
иеленеді: неғұрлым жас артқан сайын, соғұрлым жүректің қан ай-
дау қызметі төменірек болады. Сайып келгенде, балаларға жүректің
неғұрлым қызу қызметі тән болып келеді.

    Бұлшық ет жұмысы кезінде ересектерге қарағанда балалар-
да систолалық қысым мен жүректің қан айдауы азырақ артады.
Балалардың өсуі мен дамуы барысында максималды систолалық қан
көлемі көбірек болады. Мәселен, ол 8-9 жастағы балаларда 70 мл, 14-
15 жаста 100-120 мл, ересектерде 110-130 мл-ге жетеді. 8-9 жастағы

           399

⇐ МАЗМҰНЫ
   394   395   396   397   398   399   400   401   402   403   404