Page 398 - indexf
P. 398

Балаларға жүрек қызметінің тұрақты емес ырғағы тән. Ол
ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің ықпалынан айтарлықтай
өзгерістерге ұшырап отырады. Мысалы, қоршаған орта температу-
расы жоғары болса, ЖЖЖ-нің артуына, ал төмен болса, керісінше,
азаюына әкеледі.

    Спорттық жаттықтыру ЖЖЖ мәнді ықпал етеді. Жас спортшы-
ларда, әсіресе, төзімділік жаттығуларымен айналысатындарда са-
лыстырмалы тыныштық күйінде ересектердегі іспеттес брадикардия
байқалады. Алайда, ол азырақ көрінеді.

72-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі (абсцисса осі бойынша) оқушылардың
    бірдей жүктеме кезіндегі жүректің жиырылу сомасы (ордината осі
                         бойынша) (В. М. Волков бойынша)

    ЖЖЖ жасқа байланысты барынша өзгерістері бұлшық ет әрекеті
кезінде аңғарылады. Бірдей аэробты жүктеме кезінде ЖЖЖ жасқа
сай төмендеп отырады. Жүктемесі бірдей сол жұмыс жүрек қызметін
азырақ интенсивтендіру арқасында неғұрлым үнемді жүзеге асы-
рылады (72-сурет). Мысалы, 12-14 жастағы ұл балалар ЖЖЖ 130
екп/мин. болып 70 ваттан аспайтын жұмысты орындай алса, ал 18
жастағылар 122 ваттан аспайтын жұмысты орындай алады.

    Балалар мен жасөспірімдер организмі үшін жүктеме мөлшерінің
жоғарылауы (жаттығулар қуаттылығының, ұзақтығы мен қайталау

           398

⇐ МАЗМҰНЫ
   393   394   395   396   397   398   399   400   401   402   403