Page 396 - indexf
P. 396

болады. Организм дамуының жеке-дара темптеріне (қарқынына)
ОМП-дың тәуелділігі анықталған. Дене дамуы темпі бойын-
ша өздерінің құрдастарын басып озған жасөспірімдерде қалыс
қалғандарға қарағанда ОМП жоғарырақ болып келеді.

    Жас спортшыларда спортпен шұғылданбайтындарға қарағанда
энергиялық алмасудың максималды деңгейі жоғарырақ болады. Мы-
салы, 16-17 жастағы спортпен айналыспайтын балаларға қарағанда
спортшыларда ОМП 50-60% жоғары.

Қан және қан айналу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері

Қан айналымдағы қан көлемі (дене салмағына қатысты алғанда)

жасқа байланысты: 1 жасқа дейінгі балаларда – 11%, ересектерде –

7%, 1 кг дене салмағына шаққанда 7-12 жастағы балаларда – 70 мл,

ал ересектерде – 50-65 мл болады.

Қанның формалы элементтеріне де жасқа байланысты

ерекшеліктер тән. 1 жастағы сәбиде эритроциттер мөлшері 6-6,5

млн/мм3 болса, жас артқан сайын ол 4-5 млн/мм3 дейін төмендейді.

Организмнің даму барысында қандағы гемоглобин концен-

трациясы да ұлғаяды. Мысалы, ұлдар мен ерлерде 8-9 жаста 13,8,

10-11 жаста 14,4, 12-13 жаста 13,7, 14-15 жаста 15,1, 16-17 жаста

15,1, 20-25 жаста 15,5 г/% болады. Ересектермен салыстырғанда

балаларда гемоглобин мөлшерінің төмен болуынан қанның

оттектік сыйымдылығының да біршама төмен болуы түсіндіріледі

(23-кесте).
                                                                            23-кесте

Ерлер мен ұлдардағы қанның оттектік сыйымдылығы және ар-
                    терия қанындағы оттегі мөлшері

                              Жас

Көрсеткіштер 3-7 8-9 10-11 12-13 14 15 16-17 20-30

 Қанның оттектік   16,8 17,4  17,9  18,0 18,8 19,2 19,0  19,7
сыйымдылығы (%)

Артерия қанындағы  16,5 17,0  17,4  17,5 18,3 18,8 18,3  19,0
        О2 (%)

    Сәбидің алғашқы күндерінде қандағы лейкоциттер мөлшері
(1 мм3 10 000-15 000) көп болады. Сәби өсе келе лейкоциттер

                              396

⇐ МАЗМҰНЫ
   391   392   393   394   395   396   397   398   399   400   401