Page 401 - indexf
P. 401

мм сынап бағанасы дейін жететін систолалық қысымның уақытша
жоғарылауы – бозбалалық гипертония байқалады. Бұл жүрек пен
қан тамырлар жүйесінің дамуы сирек жағдайларда ғана емес син-
хронды (ілеспе) жүрмеуімен байланысты. Әрі жыныстық жетілу
кезінде жүректің өсуі қан тамырларының өсуінен озып кетуі де
ықтимал. Мұның салдарынан жүрекке салыстырмалы жіңішке қан
тамырлары тұстарынан туындайтын үлкен кедергілерді жеңуге тура
келеді. Бұл жағдайларды спорт сабақтарында ескеру қажет, яғни дене
жүктемелерін тыңғылықты индивидуализациялау және мөлшерлеу
(дозасына сай) қажет.

    Ересектерге қарағанда балаларда дене жаттығулары кезінде
систолалық қысым айтарлықтай азырақ ұлғаяды. Мәселен, макси-
малды қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде 11-12 жастағы
оқушыларда систолалық қысым орта есеппен 32 мм сынап бағанасы,
ал 15-16 жастағы жасөспірімдерде 45 мм сынап бағанасы мен 18-
20 жас аралығындағы бозбалаларда 50 мм сынап бағанасы дейін
артады.

    Жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты өзгерістері өсіп
келе жатқан организм қанайналымы реттелуінің ерекшеліктерін
айғақтайды. Өмірдің алғашқы жылдарында симпатикалық ықпал
айрықша басымырақ келеді. Организмнің дамуы барысында атал-
мыш басымдық кезеген (вагус) жүйкесі ықпалының күшеюі ая-
сында азырақ көріне бастайды. Нәтижесінде, тыныштық күймен
қатар, әсіресе, қызу дене жаттығулары кезінде жүрек-тамыр
жүйелерінің тиімді қызметін қамтамасыз ететін симпатикалық және
парсимпатикалық ықпалдардың өзара әрекеттестігі жұмылдырыла
құрылады.

    Ересектерге қарағанда бозбала спортшыларда түрлі эмоция-
лар жүрек-тамыр жүйесіне тезірек және күштірек әсер етеді. Ұзақ
уақыттық жағымсыз эмоциялар, сезімдер жүрек-тамыр жүйесі
реттелуінің бұзылуына әкелуі мүмкін, әрине, бұл факторлардың
спорттық жетістіктерге жетуде қолайсыз әсер ететіні сөзсіз.

Тыныс алу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері

    Организмнің өсуі мен дамуы барысында өкпе көлемі ұлғаяды.
Әсіресе, өкпенің қарқынды өсуі 12 және 16 жастарда байқалады.

           401

⇐ МАЗМҰНЫ
   396   397   398   399   400   401   402   403   404   405   406