Page 404 - indexf
P. 404

малды вентиляциясы арасындағы айырмашылық арта түседі. Жас
спортшыларда спортпен шұғылданбайтындарға қарағанда өкпенің
максималды вентиляциясы мен тыныс қоры көбірек. Және де бұл
айырмашылық спортпен шұғылдану өтілімен (стажымен) тура
тәуелділікте болады.

    Балалардағы тыныс режимі ересектерге қарағанда азырақ
тиімді. Мысалы, балаларда өкпемен желденетін ауаның 29-30 л,
жасөспірімдерде – 32-34 л, ал ересектерде – 24-25 л-нен 1 л оттегі
шығарылады. Бір тыныс циклінде жасөспірім 14 мл, ал ересек адам
21 мл оттегі тұтынады. Сайып келгенде, балалар тыныс аппаратының
неғұрлым қызу қызметі есебінен оттегіні салыстырмалы көбірек
пайдаланады.

    Организмнің дамуы барысында оттегі тапшылығына бейімделу
қабілеті де өзгереді. Балалар мен жасөспірімдер ересектермен
салыстырғанда оттегі жетіспеушілігі жағдайларында жұмыс істеу
мен тыныстарын кідірту қабілеттеріне аз бейім келеді. Ересек-
терге қарағанда оларда қанның оттегімен қанығуының төмендеуі
жылдам жүреді, ал кідірістен кейінгі тыныс алу қандағы оттегі
мөлшері мол болып тұрған кезінде жаңғыртылады. Демек, балалар
мен жасөспірімдер оттегі тапшылығын жеңу қабілеті жағынан ере-
сек адамдардан қалыс қалады. Бұл ересектерге қарағанда оларда
тыныс қозғалыстарын тежеу, сонымен қатар қандағы гипоксиялық
(қан құрамындағы оттегінің азаюы) және гиперкапниялық (тыныс
алатын ауадағы көмірқышқыл газының жоғары болуы) ығысуларды
жеңу қабілеттерінің төмен болып келуімен байланысты.

    Жас спортшыларда өздерінің спортпен шұғылданбайтын
құрдастарына қарағанда аталмыш ығысуларға бейімделу үдерісі ба-
рынша жылдам өтеді. Мәселен, 12 және 15-16 жастағы спортшыларда
тыныс алу кідірісі кезінде қанның оттегімен қанығуы орта есеппен,
сәйкесінше, 4,8 және 8,9%-ға болса, ал спортпен шұғылданбайтын
тұлғаларда тек 3,3 және 6,8 %-ға төмендейді, демек жас спортшылар
айтарлықтай гипоксиялық ығысуларды жеңу мүмкіндігіне ие.

    Жұмыс кезіндегі тыныс алу. Балаларға ересектермен бірдей
берілген бұлшық ет жүктемесі сыртқы тыныс алу, О2 тұтынудың
барынша күшеюін тудырады. Спорттық жаттықтыру ықпалы стан-
дартты жүктеме кезінде өкпелік вентиляция мен О2 пайдаланудың
төмендеуімен байқалады. Жаттыққан балаларда жаттықпағандармен
салыстырғанда дене жүктемесін орындағанда тыныс алудың аз ғана
күшеюі орын алады.

                                      404

⇐ МАЗМҰНЫ
   399   400   401   402   403   404   405   406   407   408   409