Page 403 - indexf
P. 403

сыйымдылықтағы қалдық көлемнің үлесі кемиді, өкпе альвеолала-
рында оттегінің қоры артады.

    Организмнің дамуы барысында тыныс циклінің ұзақтығы, ты-
ныс алу мен шығарудың арасындағы уақыттық арақатынас, тыныс
тереңдігі мен жиілігі көрсеткіштерімен сипатталатын тыныс режимі
өзгеріп отырады. Төменгі жастағы балаларға тыныс алудың жиі,
жеткіліксіз тұрақты ырғағы, аса терең емес тыныс тереңдігі, ты-
ныс алу мен шығарудың шамамен, бірдей арақатынасы, қысқа ты-
ныс үзілісі тән болып келеді. 7-8 жастағы балаларда тыныс жиілігі
минутына 20-25 тыныс қозғалысына тең. Балалар есейе келе, ол
минутына 12-16 тынысқа дейін төмендейді, тыныс ырғағы барын-
ша тұрақтана бастайды. Тыныс алу кезеңі қысқарады, ал тыныс
шығару мен тыныс үзілісі ұзара түседі. Бір мезгілде тыныс көлемі
мен тыныс алу кезіндегі ауа ағынының жылдамдығы арта бастайды.
7-8 жастағы балаларда тыныс көлемі шамамен, 163-тен 285 мл-ге
дейін ауытқып отырады, ал ересектерде ол 2-3 есеге артады. Жас
спортшылар өздерінің спортшы емес құрдастарынан салыстырмалы
тыныштық күйде тыныс тереңдігінің аз болуымен ерекшеленеді. Ба-
лаларда ересектерге қарағанда минуттық тыныс көлемінің абсолютті
төмен болуына қарамастан, оның салыстырмалы мөлшері жоғары
болып келеді. Жас артқан сайын өкпе вентиляциясының салыстыр-
малы мөлшері кеміп отырады. Сонымен, минуттық тыныс көлемі 14
жастағы жасөспірімдерде дене массасының 1 кг мен дене беткейінің
1 м2-іне сәйкесінше, 125 және 3700 мл болса, ал ол ересектерде тек
80 және 2500 мл-ды құрайды.

    О2 пайдалануға қатысты алғанда да аналогиялық жасқа байла-
нысты тәуелділік көрініс береді. Ересектермен салыстырғанда бала-
ларда бұл көрсеткіштің абсолютті мөлшері төмен болса, ал салыс-
тырмалы мөлшері жоғары болып келеді. Мысалы, тыныштық күйде
О2 салыстырмалы пайдалану 10 жаста 6,24 мл/кг*мин, ал 20 жаста
– 4,45 мл/кг*мин. болады. Спорттық жаттықтыру, мысалы, ескек есу
ықпалынан жас спортшыларда 1-2 жыл барысында тыныштық күйде
О2 пайдалану едәуір төмендеп келеді де 14 жасқа келіп алғанда 20-
30 жастағы жаттықпаған адамдарға тән деңгейге жетіп алады.

    Тыныс алу қызметін сонымен қатар өкпенің максималды венти-
ляциясы да сипаттайды. Бұл көрсеткіш жаспен тура тәуелділікте бо-
лады, демек, жасқа сай артып отырады. Мұнда тыныс қоры (резерві),
яғни тыныштық күйде минуттық тыныс көлемі мен өкпенің макси-

           403

⇐ МАЗМҰНЫ
   398   399   400   401   402   403   404   405   406   407   408