Page 402 - indexf
P. 402

Қос өкпенің салмағы 9-10 жаста 395 г, ал ересектерде 1000 г-ға дейін
жетеді. Өкпенің өсуі, негізінен альвеолалардың саны емес, олардың
көлемінің артуы есебінен жүреді.

    Өкпе көлемі мен сыйымдылығының жасқа байланысты
ерекшеліктері. Жас артқан сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығы
(ӨТС) мен қалдық көлемнен тұратын өкпенің жалпы сыйымдылығы
өзгерістерге ұшырайды. Мұнда ӨТС қарағанда қалдық көлем
азырақ артып отырады. Өкпенің жалпы сыйымдылығы 10 жаста
2,2-3,1 л болады, яғни бұл ересектердегі көрсеткіштің жартысы-
на тең. Жас спортшыларда жас ұлғайған сайын өкпенің тіршілік
сыйымдылығының абсолюттік тәріздес салыстырмалы мөлшерінің
де айтарлықтай артатыны байқалған. Әсіресе, бұл өзгерістер
14 пен 16 жас аралықтарында айқын көрінеді. Өкпенің жалпы
сыйымдылығы 15-16 жастағы спортшыларда жаттықпаған ересек
тұлғалардағымен бірдей болып келеді.

    Өсу және даму барысында ӨТС мен оны құрайтын тыныс көлемі,
тыныс алу мен тыныс шығарудың қосымша көлемдері артып отыра-
ды және сонымен қатар олардың арасындағы қатынас та өзгеріске
ұшырайды (24-кесте).

                                                                            24-кесте
                         ӨТС орташа мөлшері (мл)

                  Жас, жылмен

6 7 8 10 12 15 17

                  Ұлдар

1200  1400  1440  1630         1975  2600  3520

                  Қыздар

1100 1200 1360 1460 1905 2530 2760

    Жеңіл атлетикамен шұғылданатын, велосипедші мен жүзгіш жас
спортшыларда спортпен айналыспайтын тұлғалармен салыстырған-
да ӨТС жоғары болады. ӨТС-ның неғұрлым жоғары мөлшеріне
жас жүзгіштер мен велосипедшілер ие, тіптен, ол көрсеткіштің
5 л-дан асатын жағдайларда да сирек емес. ӨТС мен тыныс
алудың қосымша көлемінің артуы неғұрлым айтарлықтай өкпенің
желденуіне (вентиляциясына) және оттектік қордың молаюына
әкеледі. Жас спортшылар спортпен шұғылданбайтын құрдастарына
қарағанда өкпелік көлемдерінің үздік қатынасымен еркшеленеді.
Жаттыққан жасөспірімдер мен бозбалаларда функциялық қалдық

                                      402

⇐ МАЗМҰНЫ
   397   398   399   400   401   402   403   404   405   406   407