Page 406 - indexf
P. 406

Эволюция үдерісінде қалыптасқан моторлық және вегетативтік
қызметтердің өзара байланысы моторлық-вицералдық рефлекстер
механизмі бойынша зат және энергия алмасудың онтогенез бары-
сында жетілдірілуін қамтамасыз етеді.

    Қозғалыс аппараты
    Балалардың дамуы процесінде қаңқаның сүйектенуі, яғни
шеміршек ұлпаларының сүйек ұлпаларына алмасуы жүреді. Со-
нымен бірге бұл үдеріс қаңқаның түрлі бөлімдерінде әртүрлі
мерзімдерде іске асырылады. Сүйектердің дамуы олардың ұзынынан
және көлденеңінен өсуімен, химиялық құрамының өзгерістерімен
(кальций, фосфор, магний тұздары мөлшерінің артуымен) және
беріктілігінің артуымен сипатталады. Сүйектерде қан түзуші мүше –
қызыл сүйек кемігі орналасқан. Жас артқан сайын қан түзу қызметі
де жетіле түседі.
    Сүйек ұлпаларының дамуы айтарлықтай дәрежеде бұлшық ет
ұлпаларының өсуімен байланысты болып келеді. Балалардың бұл-
шық ет жүйесі ересектердің бұлшық етінен айрықша ерекшеленеді.
Жас ұлғайған сайын бұлшық ет массасы да артады. Алайда, бұл
біркелкі жүрмейді, мәселен, алғашқы 15 жылда 9%, ал одан кейінгі
2-3 жылда 12%-ға артады. Әрбір бұлшық ет немесе бұлшық ет
тобы да біркелкі дамымайды. Аяқ бұлшық еттері барынша жоғары,
ал қол бұлшық еттері барынша төмен қарқынға ие болып келеді.
Жазғыш бұлшық еттердің өсу қарқыны бүккіш бұлшық еттердің да-
муынан алда болады. Әсіресе, ертерек жұмыс атқаратын және дене
жүктемесіне көбірек жұмылдырылатын бұлшық еттер салмағы жыл-
дам артады.
    Негізгі қозғалыстардың сипаттамасы
    Бала алғаш дүниеге келген сәттен бастап уақытша байланыс-
тар механизмі бойынша жаңа қозғалыстар қалыптаса бастайды.
Мұнда қимыл жүйесінің көру, есту, тепе-теңдік сияқты басқа да
талдағыштар жүйесімен өзара әрекеттерінің маңызы зор.
    Жүріс. Күрделі қимыл дағдысы – жүріс өмірдің 2-жылдарын-
да меңгеріледі. Жас артқан сайын жүріс тұрақтана бастайды, яғни
қадам ұзындығы артады, жүріс кезіндегі дене теңселуі мен қозғалыс
қарқыны азаяды.
    Жүгіру. Жүгіру элементтері балаларда 2 жастан бастап көріне бас-
тайды. Жүгірудің қимыл дағдысы қарыштау фазасының артуы мен
аяққа тірек түсіру ұзақтығының азаюы есебінен жетіле түседі. 3-тен

           406

⇐ МАЗМҰНЫ
   401   402   403   404   405   406   407   408   409   410   411