Page 407 - indexf
P. 407

10 жасқа дейін шарықтау фазасы 2 есеге көбірек артады. Қадамның
ұзақтығы мен жүгіру қарқынының өзгеруі жасқа сай жүгіру
жылдамдығының жоғарылауын, яғни максималды жылдамдықты
анықтайды. Сонымен бірге қысқа қашықтыққа жүгірудің соңында
жылдамдықты төмендету мөлшері азаяды. Жүгірудің максималды
жылдамдығы 10-11 жаста 5,37 м/с, 14-15 жаста – 6,07 м/с, 17-18 жас-
та – 8,08 м/с болады.

    Жасөспірімдер мен бозбалаларға қарағанда 7-8 жастағы балалар-
да жүгірудің жоғары жылдамдығын сақтау қабілеті азырақ дамыған.

    Секіру. Секіру қозғалыстың айтарлықтай күші мен шапшаңды-
ғын талап еттеін күрделі қимыл дағдысы ретінде өмірдің 3-жылда-
рында ғана қалыптаса бастайды. Жас артқан сайын секіру нәтиже-
лері бұлшық еттік координацияның (үйлесімнің) артуы, бұлшық
ет күші мен шапшаңдықтың дамуы арқасында жоғарылай береді.
Жүгіруде барынша жоғары нәтижелер ұлдарда 13 жасқа дейін, ал
қыздарда 12-13 жасқа дейін байқалады. Одан кейінгі келесі жылдар-
да 17-18 жасқа дейін ол баяулайды.

    Секіру биіктігіне жасқа сай анализ жасау 8-ден 10 жасқа дейін
нәтижелердің жылдық өсімі орта есеппен, 2 см болатынын көрсет-
кен. Ең үлкен өсім 10-нан 13 жасқа дейін аралықта 4,3 см болған.
Одан кейінгі жылдары өсім қарқынының төмендеуі орын алған.
Спорттық жаттықтыру секіру нәтижелерінің жоғарылауына әкеледі.
Жас спортшыларда барынша қарқынды өсім 13-14-тен 15-16 жасқа
дейін кезеңдерде анықталған. Келесі жас кезеңдерінде (17-18 жас)
өсім темпі баяулайтыны байқалған.

           Қимыл сапаларының дамуы

    Қимыл сапаларының (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік,
иілгіштік) дамуы мен қимыл дағдыларының қалыптасуы арасын-
да тығыз өзара байланыс бар (6- және 7-тарауларда дене сапалары
және қимыл дағдылары толық баяндалған). Жаңа қозғалыстарды
меңгеру қимыл сапаларының жетілдірілуімен қатар жүреді. Әртүрлі
қозғалыстар адамның қозғалыс аппаратына таңдай әсер етеді,
сондықтан жеке бұлшық еттер мен бұлшық ет топтарын бірдей ша-
мада дамытпайды.

    Онтогенез барысында қимыл сапаларының қалыптасуы біркелкі

           407

⇐ МАЗМҰНЫ
   402   403   404   405   406   407   408   409   410   411   412