Page 408 - indexf
P. 408

жүрмейді, гетерохронды болады және организмнің бірнеше
жүйелерінің дамуына тәуелді келеді. Мысалы, төзімділіктің жетілуі
айтарлықтай дәрежеде қан, тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйелерінің
қызметтерімен анықталса, ал бұлшық ет күшінің дамуы сүйек пен
бұлшық ет ұлпаларының өсуімен, бұлшық ет жұмысын басқару
қабілетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Әрбір адамның
жасына қимыл сапалары дамуының белгілі бір деңгейі тән. Күш,
жылдамдық және төзімділіктің ең жоғары жетістіктері әртүрлі
мерзімдерде жүзеге асырылады.

    Жүйелі түрде жаттықтыру қимыл сапаларының дамуын жыл-
дамдатады, бірақ олардың өсімі түрлі жас кезеңдерінде бірдей бол-
майды.

    Қимыл бірліктерінің жасқа байланысты өзгерістері 7-тараудағы
39-суретте және 73-суреттерде көрсетілген. Cуреттен қартаю ба-
рысында мотонейрондармен жабдықталған бұлшық ет талшықтары
санының кемитіндігін, яғни соның есебінен моторлық бірліктер
санының азаятындығын байқауға болады. Ал қимыл талшықтары
мөлшерінің артуы орын алады.

73-сурет. Қимыл бірліктерінің қартаюға байланысты өзгерістері
                  (A. Giovanelli мәліметтері бойынша)

           408

⇐ МАЗМҰНЫ
   403   404   405   406   407   408   409   410   411   412   413