Page 409 - indexf
P. 409

Күш. Алғаш рет бұлшық еттің максималды ерікті күшін (МЕК)

изометриялық бұлшық еттік күш салуда 4-5 жаста өлшеуге болады.

Жазғыш және бүккіш бұлшық еттерінің МЕК орта есеппен қол ба-

сында сәйкесінше, 5,22 және 4,61 кг, сан 6,0 және 7,9 кг, кеуде 8,17

және 14,65 кг болады.

Жас артқан сайын жеке бұлшық еттер күшінің дамуы біркелкі

жүрмейді (25-кесте). Бұлшық еттің МЕК жасқа сай тәуелділігі

көрсетілген 25-кестеден байқағанымыздай балтыр мен табан жаз-

ғыш бұлшық еттеріне қарағанда санның жазғыш бұлшық еттерінің

МЕК өсімі барлық жас кезеңдерінде де жоғары.
                                                                            25-кесте

           Бұлшық еттің МЕК (кг) жасқа сай тәуелділігі

Жас,  Сан жазғыш       Балтырдың жазғыш Табанның жазғыш
жыл      бұлшық
          еттері       бұлшық еттері  бұлшық еттері

12 62                  24             39

13 74                  31             49

14 85                  37             55

15 96                  41             59

16 106                 44             68

    Әр жас кезеңдерінде түрлі бұлшық еттердің МЕК арақатынасы
өзгеріп отырады, өзіндік бұлшық еттік профиль қалыптасады. 8-ден
10 жасқа дейін бұлшық еттердің МЕК жоғарылауы салыстырмалы
біркелкі жүреді. 11 жасқа таман оның өсу темпі арта түседі. МЕК
ең жоғары қарқынды өсімі 13-14-тен 16-17 жасқа дейінгі кезеңдерде
анықталған. Одан кейінгі келесі жылдарда (18-20 жасқа дейін) оның
өсу қарқыны ақырындайды. Неғұрлым ірі бұлшық еттерде МЕК
бірсыпыра ұзағырақ артады. 16-17 жаста ересек адамдарға тән
бұлшық ет күшінің топографиясының қалыптасуы аяқталады.

    Қазіргі уақытта акселерация үдерісімен байланысты бұлшық
еттердің жекеленген топтарының барынша ертерек даму тенденция-
сы аңғарылады.

    МЕК абсолютті мөлшерінің өсуімен қатар оның (дене
массасының 1 кг-на) салыстырмалы мөлшері де көбейеді. Салыс-
тырмалы күш дамуының ең жоғары темпі 6-7-ден 9-11 жасқа дейін,
ал кеуденің жазғыш, табаның бүккіш бұлшық еттері сияқты кейбір
бұлшық еттер үшін 13-14 жасқа дейін орын алады.

                       409

⇐ МАЗМҰНЫ
   404   405   406   407   408   409   410   411   412   413   414