Page 411 - indexf
P. 411

нәтижелердің ең жоғары өсімі 12-ден 13 жасқа дейінгіден басқа

кезеңдерде айқындалған.
    Сонымен, жылдамдықты-күштік жаттығулар мәліметтерін са-

ралау түрлі жас кезеңдерінде нәтижелердің біркелкі емес өсімі
байқалады.

    Төзімділік. Төзімділіктің жасқа сай өзгерістері әртүрлі, мы-
салы алақан, білек, санның бүккіш бұлшық еті сияқты бұлшық ет
топтарының статикалық күш сала орындалуы кезінде барынша
толығымен зерттелінген. Мәселен, максималды күштің 50%-ына тең
келетін динамометрде алақанның бүккіш бұлшық еттерінің күш сала
ұстап тұру уақытының жас ұлғайған сайын артатыны анықталған.

10-12 жаста осы күш салу уақыты 96 с, ал 18-20 жаста – 113 с болған.
                                                                            26-кесте

        Ұл балаларда жасқа тәуелді жылдамдықты-күштік
                    жаттығулардың нәтижелері (см)

Жас,  Жоғарыға секіру   Ұзындыққа    Қатарынан үш рет
жыл   (екі аяқпен оқыс     секіру  секіріп түсу (орнында)

            серпіле)

12 35                   171        517

13 38                   185        560

14 40                   194        591

15 42                   201        615

16 44                   211        636

    Түрлі бұлшық ет топтарының күш салу ұзақтығы бірдей бол-
майды және бірмезгілде артпайды. 8-ден 11 жасқа дейін ең жоғары
төзімділік кеуденің жазғыш бұлшық еттеріне тән. 11-14 жаста бал-
тыр бұлшық еттерінің төзімділігі айтарлықтай жоғарыласа, 13-14
жаста кеуденің жазғыш бұлшық еттері және білектің бүккіш пен
жазғыш бұлшық еттерінің статикалық төзімділігі біраз төмендейді.

    Организмнің дамуы барысында асылу және таяну сияқты негізгі
гимнастикалық дене күйінде ұстап тұру уақыты артады. 13-тен
17 жасқа дейін асылудың шекті ұзақтығы ұл балаларда 4,3 есе, ал
қыздарда 4 есе жоғарылайды.

    Жас артқан сайын төзімділікті қажет ететін қызу динамикалық
жаттығуларды орындау кезінде жұмысқа қабілеттілік елеулі
жоғарылайды. Велоэргометрде орындалатын жаттығуларда жұмыс
қуаттылығы 8-9 жаста 509 кгм/мин болса, ол біртіндеп ересектерге

                                      411

⇐ МАЗМҰНЫ
   406   407   408   409   410   411   412   413   414   415   416