Page 410 - indexf
P. 410

Шапшаңдық
    Спорттық жаттығуларды орындау кезінде шапшаңдықтың
кешенді көрінуінің байқалуы заңды құбылыс. Мысалы, спринтерлік
жүгіру нәтижесі сөредегі қимыл реакциясы уақытына, қадамдардың
жиілігі (темпі) мен жекеленген қозғалыс шапшаңдығына байланыс-
ты болады.
    Алғаш рет жекеленген қозғалыстарда 0,50-0,90 с тең реакция
уақытын 2-3 жас кезеңінде анықтауға болады. Бірақ 5-7 жаста-ақ
ол 0,30-0,40 с-ке дейін төмендеп, 13-14 жасқа келгенде ересектер-
ге тән көрсеткіштерге (0,11-0,25 с) жуықтайды. Жасқа сай қимыл
реакцияларының өзгерістері біркелкі жүрмейді. 9-11 жасқа дейін
оның уақыты тез азаяды да, ал одан кейінгі жылдарда, әсіресе, 12-14
жастан кейін баяулай бастайды.
    Спорттық жаттықтыру қимыл реакциялары жылдамдығының
артуына әкеледі. Жүйелі түрде жаттығу ықпалынан реакция
уақытының барынша азаюы 9-12 жастағы балаларда байқалған.
Осы жас кезеңінде спортпен айналысатын балалардың спортпен
шұғылданбайтындардан артықшылықтары басым келеді. Егер осы
уақытта шапшаңдықты дамыту қарастырылмаса, онда одан кейінгі
жылдары туындаған артта қалушылықты жою қиынға түседі.
    Организм даму үдерісінде жекеленген қозғалыстардың
жылдамдығы жоғарылайды. 13-14 жаста ол ересектерге тән
көрсеткіштерге шамалас болады, 16-17 жаста оның төмендеуі, ал
20-30 жаста біраз артуы байқалады. Жас спортшыларда жекеленген
қозғалыстардың жылдамдығы жақсы дамыған. 13-14 жастың өзінде-
ақ спортпен шұғылданбайтын тұлғалардан олардың одан кейінгі жас
кезеңдерінде де сақталып қалатын айқын басып озуы айғақталған.
Жекеленген қозғалыстардың жылдамдығын дамытудың ең жоғары
тиімділігі 9-13 жаста анықталған.
    Шапшаңдықтың маңызды бөлігі қозғалыс жиілігі (темпі) бо-
лып табылады. Шынтақ буынында 10 секундтағы қозғалыстың мак-
сималды жиілігі 4-тен 17 жасқа дейін 3,3-3,7 есеге артады. 11-12
жастағы балаларда велоэргометрде педалды айналдырудың макси-
малды жиілігі орта есеппен, 10 секундта 20 болса, кейіннен 18-20
жаста жоғарылап 33-ке жетеді.
    Күш пен шапшаңдықты дамытудың өзара байланысы ұзындыққа
және биіктікке секіру сияқты жылдамдықты-күштік жаттығуларда
толығымен көрінеді. 26-кестеден көрінгендей секірудегі

           410

⇐ МАЗМҰНЫ
   405   406   407   408   409   410   411   412   413   414   415