Page 412 - indexf
P. 412

тән деңгей – 2710 кгм/мин дейін артатынын 27-кестеден байқауға

болады.
                                                                            27-кесте

Велоэргометрде жұмыс қуаттылығының жасқа сай өзгерістері
                         (А. З. Колчинская бойынша)

Жас, жылмен  Қуаттылық, кгм/мин

8-9 509

10-11        745

13 916

14 1045

15-16        1219

22 2710

    Төзімділік түрлі жас кезеңдерінде біркелкі артып отырмайды.
Мәселен, аэробты қуаттылықты жаттығулар кезінде төзімділіктің
ең жоғары өсімі 15-16-дан 17-18 жастағы жасөспірімдер мен бозба-
лаларда анықталған. Анаэробты қуаттылықты жаттығуларда жұмыс
ұзақтығының айтарлықтай артуы 10-12-ден 13-14 жасқа дейін
аралықтарда байқалған.

    Жас спортшылар тек төзімділіктерінің жоғары болуымен ғана
емес және айтарлықтай көбірек болатын жасқа сай өсімдерімен си-
патталады. Мәселен, жүзумен айналысатын қыз балаларда 8-ден 15
жасқа дейін велоэргометрде орындалатын жаттығуларда жұмысқа
қабілеттілік 3 есе, ал ұлдарда 3,4 есе артқан. Демек, неғұрлым жас
спортшылар есейген сайын, сәйкесінше спортпен айналысу өтілі
(стажы) көбейген сайын соғұрлым олар спортпен шұғылданбайтын
тұлғалардан көп ерекшеленеді. Алайда, дене белсенділігі
жағдайында бола тұра ядро серпу, диск лақтыру, марафон және бас-
кетбол сияқты спорт түрлерінде жұмыс өнімділігінінің жасқа байла-
нысты төмендейтіндігін 74-суреттен көруге болады.

    Ептілік. Бұл қимыл сапасы қозғалыстың күштік, уақыттық және
кеңістіктік параметрлерін басқара білумен сипатталады.

    Ептіліктің қалыптасу факторларының бірі кеңістікті
бағдарлаудың дәлдігі болып табылады. Қозғалысты кеңістіктік диф-
ференциалдау (ажырату) қабілеті 5-6 жаста елеулі күшейеді. Бұл
қабілеттің барынша өсуі 7-ден 10 жасқа дейін байқалады. 10-12 жа-
ста ол тұрақтанып, 14-15 жаста біраз төмендеп, ал 16-17 жаста қимыл
бағдарлау көрсеткіштері ересектерге тән деңгейге жетеді. Жүйелі

                                      412

⇐ МАЗМҰНЫ
   407   408   409   410   411   412   413   414   415   416   417