Page 414 - indexf
P. 414

қозғалғыштығы ұлдарда 7-10 жаста елеулі жоғарыласа, ал 11-13
жаста төмендейді. Иілгіштіктің жоғары көрсеткіштері ұлдарда
15 жаста, ал қыздарда 14 жаста байқалған. Пассивті қозалыстарға
қарағанда активті қозғалыстар кезінде иілгіштік біраз азырақ бола-
ды.

Жас спортшылардың физиологиялық сипаттамасы

Балалар мен жасөспірімдердің спорттық толық жетілуінің бас-

ты ерекшелігі оларда қимыл мен вегетативтік қызметтердің дамуы,

жұмысқа қабілеттіліктің артуы организмдегі өсу мен қалыптасу

үдерістері әлі аяқталмаған кезде жүріп жатуы болып табылады.

Сондықтан да жас спортшы үшін жылдамдатылған даярлық, аясы

тар дене жаттығуларын қолдану, жаттықтыру жүктемелерін шектен

тыс және мезгіліне сай емес арттыру аса зор қауіп тудыратынын

атап өткен жөн.

Спорттық жұмысқа қабілеттіліктің жасқа сай ерекшеліктері

Организмнің дамуы барысында оның дене жұмыс қабілеттілігі

жоғарылайды. Спортта бұл тіптен, салыстырмалы кішкене жас

диапазонының өзінде жүгіру, жүзу, ескек есу, т.б. ұзақтығы мен

қарқындылығын арттыру, қозғалыс жылдамдығының жоғарылауы-

мен көрінеді (28-кесте). А. З. Колчинская кестесі бойынша велоэр-

гометрмен жұмыс кезінде жастан жасқа жұмыс қуаттылығының ар-

татыны жоғарыда айтып өтілген болатын.
                                                                            28-кесте

  Жасөспірімдердегі 200 м арақашықтықта максималды темп-
  те байдаркада ескек есу кезіндегі жұмысқа қабілеттілік мен

              оттектік сұраныс (В. С. Мищенко бойынша)

Көрсеткіштер                          Жас, жылмен
                           13 14 15-18

Ескек уақыты (с)           70,7 ± 0,5 66,0 ± 0,6 61,5 ± 0,6

Минутына есу саны          81,3 ± 0,4 82,0 ± 0,6 93,0 ± 0,7

Оттектік сұраныс, мл/мин.  3360 ± 40   3562 ± 48   4070 ± 60
          мл/кг- мин       62,4 ± 0,3  64,0 ± 0,4  68,0 ± 0,45

    Спорттық жаттықтыру дене жұмыс қабілеттілігінің артуы-
на әкеледі. Жас спортшылар спортпен шұғылданбайтындарға
қарағанда жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие болып келеді. Мұнда

                           414

⇐ МАЗМҰНЫ
   409   410   411   412   413   414   415   416   417   418   419