Page 415 - indexf
P. 415

жас спортшылар үлкейген сайын, спортпен айналысу өтілі (ста-
жы) ұзарған сайын соғұрлым олардың спортпен шұғылданбайтын
құрдастарымен арасында айырмашылық көп болады. 8-9 жастағы
спортшылардың велоэргометрде 3874 кгм, ал сол жастағы спорт-
пен шұғылданбайтын құрдастарының 3684 кгм жұмыс орындағаны
анықталған. 14-15 жастағы жүзгіштер 12973 кгм, ал спортшы
емес құрдастары тек 8486 кгм тең жұмыс атқарған. Спортпен
шұғылданбайтын немесе спортшы қыздар болсын, мейлі ұлдарға
қарағанда жұмыс қабілеттіліктері төмен болады. Сонымен бірге
ұлдарға қарағанда жас спортшы мен спортпен шұғылданбайтын
қыздар арасындағы жұмысқа қабілеттілік айырмашылығы жоғары
дәрежеде айқындалған.

    Жас өсе келе төзімділік жаттығуларына бейімделудің артуы мен
жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы айтарлықтай дәрежеде аэроб-
ты өнімділіктің, соның ішінде ОМП-дың өсуімен байланысты. Және
де жас спортшыларда ең жоғары дәрежеде ОМП-дың артуы оларда
спортпен айналысу өтілі (стажы) көп болғанда байқалады.

    Балалар мен жасөспірімдер организмі тек аз аэробты өнімділік-
пен ғана емес төмен анаэробты өнімділікпен де сипатталады. Бұл
әсіресе, энергия өндірудің анаэробты үдерістері үлкен рөл атқаратын
анаэробты қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде жұмысқа
қабілеттілікті белгілі бір шамада шектейді. Жас артқан сайын өсіп
отыратын максималды оттектік қарыздылық мөлшері анаэроб-
ты өнімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 9-10 жастағы
балалардың оттектік қарыздылық 800-1200 мл болғанда 8-9,3 кгм/с-
қа тең жүктемеде жұмыстарын тоқтатыны анықталған. 12-14 жаста-
ғы жасөспірімдер 2000-2500 мл оттектік қарыздылық жағдайында
жүктеме мөлшері 12-17 кгм/с болатын жұмысты орындай алады.
Ересектер үшін шекті жүктеме 20-45 кгм/с, ал оттектік қарыздылық
6000 мл тән. Осымен қатар балаларда оттектік қарыздылық оттектік
сұраныстың көп пайызын құрайды. Оларда оттектік қарыздылықтың
жылдам (алактатты) фракциясы сияқты баяу (лактатты) фракция
шамасы да азырақ. Оттектік қарыздылықтағы бұл компоненттердің
максималды мәні 20-30 жаста байқалады.

    Жастан жасқа организмнің анаэробты мүмкіндіктерінің
жоғарылауы жайында қандағы сүт қышқылы концентрациясының
өзгерісі куәландырады. Максималды қарқындылықты жаттығулар
кезінде 7-8 жастағы балаларда қандағы сүт қышқылы мөлшері

           415

⇐ МАЗМҰНЫ
   410   411   412   413   414   415   416   417   418   419   420