Page 416 - indexf
P. 416

80 мг%, 14-15 жастағыларда 100 мг%, ал ересектерде 112 мг%-ға
дейін жоғарылайды. Бұл мәліметтер ересектерге қарағанда балалар
мен жасөспірімдердің анаэробты жағдайда жұмысқа аз қабілетті
екендіктерін көрсетеді.

    Бұлшық ет әрекетінің энергиялық қамтамасыз етілуінің аэробты
және анаэробты механизмдерінің қалыптасуы әртүрлі мерзімдерде
жүреді. Анаэробты мүмкіндіктер кешірек дамиды. Мәселен, салыс-
тырмалы ОМП мөлшері бойынша 13 жастағылардың ересектерден
ешқандай айырмашылығы болмаса да, оларда салыстырмалы мак-
сималды оттектік қарыздылық ересектерге тән шаманың тек 60-
70 %-ын құрайды. Осының нәтижесінде балаларда, соның ішінде
әсіресе, төменгі сынып оқушыларында бұлшық ет қызметінің энер-
гиямен қамтамасыз етілуінде анаэробты үдерістердің біраз пайдала-
нылуы байқалады.

    Бұлшық ет әрекетіне бейімделудің жасқа сай ерекшеліктері
жоғары қуаттылықты жүктемелер кезінде көрінеді. Ересек спорт-
шылар велоэргометрде 1700 кгм/мин. тең жүктемені ЖЖЖ 175 екп/
мин. бола отырып орындай алады. Бозбалаларда 1500 кгм/мин. тең
болатын одан аз жұмысты ЖЖЖ 186 екп/мин-қа дейін өсе отырып
орындайды.

    Сайып келгенде, ересек спортшылар жүрек қызметін аса
күшейтпей отырып, үлкен көлемді жұмыстарды атқара алады. Ере-
сектермен бірдей оттегі мөлшерін тұтыну үшін балаларға тыныс
қозғалыстары жиілігін арттыру қажет болады. Мысалы, ересектер-
дің 1 тыныс цикліне 35,8 мл О2 келетін болса, ал 11-12 жастағы ба-
лалар болса, 17,8 мл О2 қабылдай алады.

Спорттық шынықтыру кезіндегі организм күйі
   динамикасының жасқа сай ерекшеліктері

    Спорттық шынықтыру үдерісінде организмнің физиологиялық
күйінің сөрелік күй, бабына келу, тұрақты жұмыс қабілеттілік күйі,
қажу және қалпына келу сияқты бірінен соң бірі алмасып отыратын
бірнеше кезеңдермен сипатталатыны өткен тараулардан белгілі.

    Ересектерге қарағанда жас спортшыларда түрлі қызметтердің
сөре алдыңғы шартты рефлекстік өзгерістері көбірек байқалуы
мүмкін. Балаларда алда тұрған бұлшық ет қызметі туралы ауыз-

           416

⇐ МАЗМҰНЫ
   411   412   413   414   415   416   417   418   419   420   421