Page 417 - indexf
P. 417

ша ақпараттың өзі оларда ЖЖЖ мен артериялық қан қысымының
неғұрлым елеулі өзгерістерін тудырады. Және де спортпен
шұғылданбайтындармен салыстырғанда спортшыларда жұмыс
алдыңғы күйде қызметтердің күшеюі барынша айтарлықтай көрінеді.

    Бабына келу кезеңі ересектерге қарағанда балаларда біраз
қысқарақ болады. Мысалы, қысқа арақашықтыққа жүгіру кезінде
7-14 жастағы балаларда максималды жылдамдық 5-секундта, ал 17-
18 жас бозбалаларда 6-секундта көрінеді. Дегенмен, бозбалалардың
бұл уақытта жоғары жылдамдыққа жететінін әрі ұзақ қашықтықты
бағындыратындарын жасырмау қажет. Балаларда, сонымен қатар
жүзу, велоэргометрде «жүру» сияқты төзімділік жаттығуларында
да тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері мен жұмысқа қабілеттіліктің
бірнеше көрсеткіштері біраз ертерек тұрақтана бастайды.

    Бабына келу кезеңінен соң тұрақты жұмыс қабілеттілік күй
орын алады. Тұрақты күйді ұстап тұру қабілеті жасқа тәуелді бо-
лып келеді. Ересектерге қарағанда балалар оны сақтап тұруға аз
қабілетті. Олар О2 пайдаланудың максималды деңгейіне тез жетіп
қойса да, бірақ бұл деңгейді ұстап тұру қабілеті жағынан ересектерді
алға салады. Жасөспірімдерде тұрақты күйдің неғұрлым қысқа
кезеңі ересектерге қарағанда барынша арынды гипоксемия дамуы-
мен өтеді. Бұл жасөспірімдерде қызу бұлшық ет әрекеті кезінде ор-
ганизм қызметтерінің бір-бірімен өте көп келісілмеуі нәтижесі бо-
лып табылады.

    Қажу үдерістерінің сипаты да жасқа байланысты болады. Ере-
сектерге қарағанда балаларда қажу кезеңінде жұмысқа қабілеттілік,
қозғалыстар жылдамдығы көп шамада төмендейді. Балалар
организмнің ішкі ортасының кішкене ғана өзгерістері туындаған
кезеңінде, оттектік қарыздылық айтарлықтай аз жағдайда орын
алып тұрғанда жұмысты тоқтатуға мәжбүр болады.

    В. М. Волков, А. В. Ромашов мәліметтері бойынша орташа аэроб-
ты жұмыс кезінде жасөспірімдерде қажу дамып келе жатқан кезеңде
вегетативтік қызметтердің (тыныс алу мен қан айналу) дискоордина-
циясы көбірек байқалады, жаттығулардың энергиялық құндылығы
көп шамада жоғарылайды.

    Жас спортшыларда тыныс алу және вегетативтік қызметтер
арасындағы өзара әрекетер мен қозғалыс координациясы-
на айтарлықтай бұзылулар тән болғанда қажудың көрінуі сирек
байқалмайды. Мысалы, тыныс алу мен қозғалыс арасындағы келісе
орындалған қызмет бұзылған жағдайларда қажу туындайды.

                                      417

⇐ МАЗМҰНЫ
   412   413   414   415   416   417   418   419   420   421   422