Page 418 - indexf
P. 418

Дене жүктемесінен кейін қалпына келу үдерістерінің сипаты-
на адам жасының ықпалы болмайды. Ұзақ емес, көбіне, анаэроб-
ты жаттығулардан кейін жұмысқа қабілеттіліктің, вегетативтік
қызметтердің қалпына келуі, оттектік қарыздылықтың жойылуы
балаларда ересектерге қарағанда неғұрлым қысқа уақыттарда орын
алады. Балаларда оттектік қарыздылықтың абсолютті сияқты са-
лыстырмалы мөлшерінің де аз болатыны ақиқат. Максималды
қуаттылықты жұмыс кезінде О2 пайдаланудың қалпына келуі 11-14
жастағы балаларда 12-14-минут, ал ересектерде 16-18-минуттарда
жүреді.

    Қарқынды жаттығулардан кейін қалпына келу үдерістеріне
біркелкі емес сипат тән. Алғашында ол жылдам, содан соң баяу
өтеді. Қалпына келу жылдам фазасында ересектерге қарағанда
оттектік қарыздылықтың көп бөлігі жойылады. 8-9 жастағы балалар-
да ол жалпы қарыздың 60-70%, ал ересектерде тек 40%-ға жуығын
құрайды. Жастан жасқа (11-ден 20 жасқа дейін) төзімділік пен үлкен
жұмыс атқару мүмкіндігінің жоғарылауымен қатар қалпына келу
уақыты артады.

    Ұзақ емес жаттығулардан кейін балаларда қалпына келудің
неғұрлым жылдам өтуі ересектер алдында оларға елеулі
артықшылықтар бермейді. Өйткені ұзақ уақыттық және қажытатын
жүктемелер кезінде, жаттығуларды бірнеше мәрте қайталау бары-
сында ересектерге қарағанда балаларда қалпына келу үдерістері
баяу өтеді. Мысалы, 16-18 жастағы спортшыларда 50 км веложарыс-
тан соң артериялық қан қысымы 6-24 сағатта, ал ересек спортшы-
ларда 3-4 сағаттың ішінде қалпына келеді. Жас спортшыларда 25 км
жарыстан соң қалпына келу үдерістерінің ұзақтығы 50 км жарыстан
кейін ересектерге тән уақытпен бірдей болады.

    Спорттық бағдарлау және оның физиологиялық
критерийлері

    Қазіргі заманғы спорттың ерекшелігі дарынды жастарды іздеу,
ғылыми негізделген спорттық бағдарлану ұйымдастыру болып та-
былады.

    Спорттың алуан түрлері дененің құрылысына, жекеленген
қимыл сапаларының даму деңгейіне және организмнің қызметтік
мүмкіндіктеріне арнайы өзіндік талаптарын қояды. Яғни спорттық
жетістіктер шекаралары көбіне, спортшының морфологиялық
ерекшеліктерімен анықталады. Оларды спорттық бағдарлау кезінде

           418

⇐ МАЗМҰНЫ
   413   414   415   416   417   418   419   420   421   422   423