Page 420 - indexf
P. 420

алды мүмкіндіктерін дұрыс болжау үшін қажет критерий ретінде
қарастырады.

    Генетикалық факторлардың маңызын зор екенін біле тұра
сыртқы ортаның рөлін де теріске шығаруға болмайды. Генетикалық
ақпарат егер ол организмнің әр жас кезеңдерінде ортаның белгілі
жағдайларымен қолайлы өзара әрекеттескен кезде ғана жүзеге асуы
ықтимал. Егер педагогтар тарапынан сол жас кезеңіндегі спортшы-
ның жеке-дара анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес
көңіл аударылып отырса, онда спорттық жетілдіру тиімділігінің
айтарлықтай жоғары болатындығы дәлелденген.

    Организм дамуының түрлі кезеңдерінде ортаның белгілі бір
факторларының ықпалы бірдей болмайды. Әр кезең үшін ең жоғары
нәтиже беретін барынша әсер етуші факторлардың «өз кешені»
тән. Сыртқы факторлар организмнің барабар емес мүмкіндіктеріне
онтогенездің жеке кезеңдерінде пайдалануға қойылған организм
қорларын (резервін) тұтынуға жағдай туғызбайды.

    12-16 жастағы спортшыларда қимыл сапаларының дамуы
олардың биологиялық жастарына тәуелді болғандай төлқұжаттағы
жастарымен аса тәуелділікте болмайды. Төлқұжат бойынша
бірдей жастағы балалардың даму қарқынының біркелкі болмауы
жаттықтырушыны олардың нағыз қабілеттерін тануда шатастыруға
әкелуі мүмкін. Балалық пен бозбалалық шақта жоғары спорттық
нәтижелерге спорттық дарындылықтан емес, генетикалық жағынан
биологиялық жетілудің мерзімінен ерте болуынан да қол жеткізілуі
мүмкін. Сонымен, спорттық іріктеу кезінде акселерат балаларға
таңдау жасау әрқашан мақсатқа сәйкес келе бермейді. Жеке-дара
дамуы баяу темпте өтетін жасөспірімдердің потенциалы мықты,
қабілетті келуі сирек жағдай емес, бірақ олардың дарындылығы
кешірек көрінуі мүмкін.

    Спорттық жетістіктер бір жағынан, бастапқы нәтижелермен
(ювенилді көрсеткіштермен), ал екінші жағынан, спорттық
жетілдіру барысында олардың өсім темпі арқылы анықталады.
Ювенилді көрсеткіштер мен соңғы жетістіктер (дефинитивті
көрсеткіштер) арасында өсім темпі біркелкі болмауына байланыс-
ты үнемі толық сәйкестік болмайды. Сондықтан жетістіктердің тек
бастапқы деңгейін ғана емес, қимыл сапалары дамуының, қызметтік
мүмкіндіктердің өсім қарқындарын да ескеру қажет. Жас жүзгіштер
мен жеңіл атлетшілердің 2-3 жылдық сабақтан кейін қол жеткізген

           420

⇐ МАЗМҰНЫ
   415   416   417   418   419   420   421   422   423   424   425