Page 419 - indexf
P. 419

ескеру қажет, өйткені дене бітімінің кейбір бөлімдері жаттықтыру
ықпалынан айтарлықтай өзгеріп кете қоймайды.

    Төзімділікті қажет ететін спорт түрлерінде аэробты өнімділікке
жоғары талаптар қойылады. В. Б. Шварц мәліметтері бойынша
ОМП мөлшерінің 80%-ы генетикалық факторларға, ал тек қана
20%-ы сыртқы орта ықпалына, соның ішінде жаттықтыруға байла-
нысты. Сондықтан да жас спортшыларда ОМП анықтау төзімділік
жаттығулары бойынша келешектегі нәтижелерді болжау үшін
қолданылуы мүмкін.

    Орташа арақашықтыққа жүгіретін көптеген айтулы желаяқтар
оттектік тапшылықты жеңе алу қабілеттерінің өте жақсы дамуымен
ерекшеленеді. А. Б. Гандельсман бойынша олар гипоксиялық және
гиперкапниялық өзгерістерге басқа спортшылардан 2-3 есеге «шы-
дамды» келеді. Осыған орай анаэробты спорт түрлерінде іріктеудің
сенімді критерийі спортшылардың оттектік тапшылықты жеңе білу
қабілетін бағалау болуы мүмкін. Бағалаудың ең қарапайым әдісі –
гипоксемиялық сынау (тынысты кідірту, тұйық кеңістікте тыныс алу,
газ қоспаларымен тыныс алу және т.б.), ал күрделі әдісі максималды
оттектік қарыздылықты анықтау болып саналады.

    Ауыр атлетика, күрес, гимнастика, жеңіл атлетикалық лақтыру
сияқты спорттың кейбір түрлерінде спорттық нәтиже айтарлықтай
дәрежеде белгілі бір бұлшық ет топтары күшінің даму деңгейімен
анықталады.

    Қысқа арақашықтыққа жүгіретін желаяқтардың жылдамдықты-
күштік дайындықтарының көрсеткіші 0,1 с-қа тән күш импульсі
болып табылады. Ол спортшының қысқа уақытта көп күш сала алу
қабілетін көрсетеді және спринтердің арнайы дайындығы деңгейін
бақылау үшін тест бола алады. Жас өсе келе спорттық жетілдірумен
қатар күш импульсі мөлшері жоғарылап отырады.

    Шапшаңдық пен жылдамдықты-күштік сапаларды адамның
қимыл қабілетін көрсететін консервативті (кертартпа) қатарға
жатқызады, яғни олар спорттық жаттықтыру ықпалынан сәл ғана
өзгереді. Жеңіл атлетикалық секірулерде серпілу уақытының
спортшының жасы мен оның біліктілігіне аз тәуелді екені анықтал-
ған. Айтарлықтай «жарылыстық күш салумен» ерекшеленетін жас
спортшылар келер дайындық үдерісінде осы сапаны сақтайды.
Осыған орай секірудің серпілу фазасында күш салу концентрация-
сы қабілетін аталмыш спорт түрі бойынша спортшының потенци-

           419

⇐ МАЗМҰНЫ
   414   415   416   417   418   419   420   421   422   423   424