Page 422 - indexf
P. 422

ХІІІ тарау
Спорттық іріктеудің және бақылаудың

            физиологиялық негіздері

    Жаттықтыру тиімділігі сол адам үшін дене жаттығуларының
оның туа біткен және жүре пайда болған ерекшіліктерімен бара-
бар келуімен айтарлықтай анықталады. Мұны спорттық іріктеу
үдерісінде ескеру қажет.

    Жаттығу үдерісінде спортшы организмінің түрлі мүшелері
мен жүйелерінің күйін зерттейтін әртүрлі бақылаудың түрлерін
қолданады:

    1.	 Оперативті (жедел) немесе ағымдағы бақылау – жүректің
жиы-рылу жиілігі (ЖЖЖ), «Өзін-өзі сезіну-Белсенділік-Көңіл күй»
(ӨБК) тесті, тактикалық тапсырмаларды шешу қабілеті, зейін күйі
және т.б. барынша вариативті көрсеткіштер бойынша орындалатын
дене жүктемелеріне спортшы организмінің күнделікті реакциясын
көрсетеді;

    2.	 Сатылы бақылау – оттегіні максималды пайдалану (ОМП),
максималды анаэробты қуаттылық, Гарвард степ-тест индексі
(ГСТИ), уақыт интервалдарын бағалау және т.б. азырақ динамикалы
көрсеткіштерді қолдана отырып, жылына 5-6 рет өткізіледі;

    3.	 Тереңдетілген медициналық тексеру – тұлғалық сипатта-
маларын тестілеу, психологиялық-физиологиялық көрсеткіштер,
жоғары жүйке қызметінің жеке дара-типологиялық ерекшеліктері
сынды жеткілікті консервативті көрсеткіштер мен бірнеше күрделі
медициналық тексеру арқылы жылына 1 рет өткізіледі.

Спорттық іріктеу мәселесінің физиологиялық және
                   генетикалық қырлары

    Халықтың дене тәрбиесі бойынша атқарылатын шаралардың ара-
сында спорттық іріктеу мен спорттық бағдарлаудың маңызы зор. Бұл
үдерістердің өзіндік айырмашылықтары бар. Спорттық бағдарлау
үдерісінде адамның туа біткен қасиеттері ескеріледі де, соған ба-
рабар дене жаттығулары мен спорт түрлері таңдалып алынады. Ал

           422

⇐ МАЗМҰНЫ
   417   418   419   420   421   422   423   424   425   426   427