Page 423 - indexf
P. 423

спорттық іріктеу кезінде айтулы спортшылардың жарыстардағы
модельді сипаттамалары мен аталмыш спорт түріне тән спорттық
маңызды сапалары анықталады да, одан соң туа пайда болған және
тіршілік барысында дамитын морфологиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес келетін адамдар таңдау мен іздеу іске асы-
рылады.

    Адамның жеке дара ерекшеліктерін педагогикалық,
психологиялық және әлеуметтік зерттеу әдістерімен қатар
генетикалық және морфологиялық-физиологиялық әдістер де
қолданылады. Бұл әдіс адамның табиғи, туа біткен ерекшеліктерін
ғана емес, тұлғаның қабілетін анықтайтын өмір барысында дамып
отыратын оның жеке дара ерекшеліктері кешенін де сипаттауға
мүмкіндік береді. Алынған сипаттамалар спортшыны дайындаудың
түрлі сатыларында әртүрлі болу қажет, себебі көп жылдық жаттығу
барысында адам организміне қойылатын талаптардың да өзгеріп
отыруына орай, спорттық іріктеу көп сатылы үдерістен тұрады.
Мұнда тек бастапқы көрсеткіштерді ғана емес, басқа да көптеген
көрсеткіштерді:

    1.	 Берілген жүктемеге спортшы организмінің жеке дара
реакцияларының динамикасын;

    2.	 Түрлі дене сапаларын дамыту үшін жаттықтырушы әсердің
барынша тиімді келетін жас кезеңдерін;

    3.	 Белгілі бағыттылықта дене жаттығуларына бейімделудің жеке
дара типін;

    4.	 Зерттелуші организмнің қызметтік қорларының мобилдену
жылдамдығы мен қуаттылығын;

    5.	 Барлық спорттық шынықтыру кешеніне жедел және ұзақ
мерзімдік бейімделудің көрінуі мен темпін ескеру қажет;

    6.	 Қазіргі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, спорттық маман-
дандыру немесе жарыс стилінің барабар таңдалмауы спорттық
шеберліктің өсуін шұғыл баяулатады және спорттық жетістіктер
деңгейін шектейді, сонымен қатар спортшы денсаулығына қатер ту-
дыратын фактор болып табылады.

    Соңғы уақытта жылдан-жылға адам организмі құрылысы мен
қызметінің көптеген көрсеткіштеріне, сонымен бірге оның түрлі
дене сапаларының даму дәрежесіне тұқым қуалау ықпалының
маңызы одан әрі айқындалып келеді. Оларды жаттығу үдерісін
ұйымдастыру мен спорттық іріктеуде ескеру аса қажет болып бара-

           423

⇐ МАЗМҰНЫ
   418   419   420   421   422   423   424   425   426   427   428