Page 424 - indexf
P. 424

ды. Американдық ғалымдардың Ұлттық баскетбол қауымдастығы
(ҰБҚ), Ұлттық футбол лига (ҰФЛ) спортшылары мен АҚШ
тұрғындарының орташа бой көрсеткіштеріне жүргізген зерттеулері
бұл көрсеткіш эволюциясының ХХ ғасырдың соңына таман
шыңына жеткендігін көрсететеді (75-сурет). Сонымен қатар бой
ұзындығының шұғылданатын спорт түрімен тығыз байланысты
екендігі белгілі.

    Тұқымқуалаушылық – ата тектерге тән белгілерді сақтаудағы
тірі организмдердің ортақ қасиеті, яғни организмдердің өздерінің
белгілерін келесі ұрпаққа беру қабілеті болып табылады. Бұл
құбылысқа қарама-қарсы өзгергіштік – организм мен сыртқы орта-
ның қарым-қатынасын көрсететін күрделі үдеріс; тірі организмдердің
өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа
белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін
жоғалтуы.

75-сурет. Жылдар барысындағы Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA),
Ұлттық футбол лига (NFL) спортшылары мен АҚШ (US) тұрғындарының

   орташа бой көрсеткіштері (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion
          Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientific American, 2013)

    Генотип (ген және гр. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің
көбеюі кезінде ата-анадан берілетін жасушадағы барлық гендердің
жиынтығы. Ол организмдегі тұқымқуалаушылық қасиеттің негізі
болып есептеледі. Ал фенотип (грек. Phaіno-көріну және тип) –

                                      424

⇐ МАЗМҰНЫ
   419   420   421   422   423   424   425   426   427   428   429