Page 426 - indexf
P. 426

ген. Бұл әдісті адамның тұқымқуалаушылық қасиеті мен сыртқы орта
жағдайын, белгілердің дамуындағы айырмашылықтарды зерттеу
үшін пайдаланады. Организмдердің барлық белгілері мен қасиеттері
екі фактор генотип пен ортаның өзара әсерінен қалыптасатындығы
белгілі.

    5. Иммунологиялық әдіс қан тобы мен резус-фактордың
тұқымқуалауын зерттеу негізде пайда болды. Алайда, қазіргі кез-
де бұл әдістер организм иммунды реакцияларының тұқым қуалау
типтерін зерттеуге қолданылады.

    6. Биохимиялық әдіс арқылы кейбір тұқым қуалайтын аурулар-
дың зат алмасу үдерісінің бұзылуынан болатынын анықтайды.

    Тұқымқуалаудың қарапайым сандық көрсеткіштерінің бірі
организмнің жалпы дамуында генетикалық үлесін анықтайтын –
Хольцингер коэффициенті болып табылады. Егер Н=1.0 болса, ол
зерттелетін көрсеткіштің толығымен генотипке байланысты, Н > 0.7
болса, генетикалық ықпалдың өте жоғары (70% және одан да көп),
тек аз ғана бөлігінің орта ықпалына байланысты екендігін көрсетеді.
Неғұрлым бұл коэффициент аз болған сайын, соғұрлым белгілерге
сыртқы ортаның ықпалы көп дегенді білдіреді.

Адамның морфологиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен
       дене сапаларына тұқымқуалаушылықтың ықпалы

Адам организмінің түрлі морфологиялық-физиологиялық

көрсеткіштерінің тұқым қуалау дәрежесін зерттеу оларға

генетикалық ықпалдың аса сан алуан болатындығын көрсетті. Олар

байқалу мерзімі, әсер ету дәрежесі және көрінудің тұрақтылығы бо-

йынша ерекшеленеді. Неғұрлым организм белгілеріне тұқым қуалау

ықпалы жиірек байқалса, соғұрлым іріктеу кезінде оларды есепке

алу көбірек болу қажет.

Морфологиялық-физиологиялық   ерекшеліктердің

тұқымқуалауы. В. Б. Шварц (1991) мәліметтері бойын-

ша тұқымқуалаушылықтың ең көп берілуі адам организмінің

морфологиялық көрсеткіштеріне, аз берілуі физиологиялық

көрсеткіштерге, ал ең аз берілуі психологиялық белгілерге тән

екендігі анықталған.

Морфологиялық белгілер арасында тұқымқуалаушылықтың

                         426

⇐ МАЗМҰНЫ
   421   422   423   424   425   426   427   428   429   430   431